Қазақстан • 28 Қаңтар, 2019

Биыл дәрілік заттарды таңбалау бойынша алғашқы жұмыстар басталады - Әлихан Смайылов

555 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Үкімет сағатында Қаржы министрі Әлихан Смайылов хабарлады.

Биыл дәрілік заттарды таңбалау бойынша алғашқы жұмыстар басталады - Әлихан Смайылов

«Контрафактілік өнімдерден қорғау, бизнестің бәсекелестік жағдайларын теңестіру және көлеңкелі экономика көлемін қысқарту мақсатында тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Тері бұйымдарын таңбалау бойынша қанатқақты жоба жүргізілді. Оның оң нәтижелерін көріп отырмыз, яғни 250 мыңнан астам тері бұйымдары таңбаланған. Тері бұйымдарын декларациялайтын импорттаушылардың саны 40 пайызға өсті», деді Ә. Смайылов.

Қаржы министрі атқарылған шаралардың нәтижесінде табысты төмендетіп көрсететін салық төлеушілер анықталғанын айтты.

«Патент негізінде қызметін жүзеге асыратын субъектілер саны 13 есеге қысқарды (247-ден 19-ға дейін).  Импорт бойынша кедендік баждар мен салықтар түсімдері 1,5 есеге өсті (372 млн теңгеден 516 млн теңгеге дейін)».

«2018 жылдың қазанынан бастап темекі өнімдерін таңбалау бойынша алғашқы шаралар басталды. Биыл дәрілік заттарды таңбалау бойынша алғашқы жұмыстар басталады. Осы бағыттағы жұмыс «Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы» келісімді ратификациялау кезінде депутаттардың ескертулері мен ұсыныстарын қарай отырып жалғасады», деді Әлихан Смайылов.