Технология • 28 Қаңтар, 2019

Будапешт дәмханасында қонақтарға роботтар қызмет көрсетеді

844 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Будапешттің Enjoy дәмханасындағы роботтар бәрін жасай алады. Оның қатарына қонақтарға тамақтар пен сусындар ұсыну, анекдоттар айтып, балалармен билеу немесе жай ғана клиенттермен сөйлесу кіреді. Бұл туралы Reuters жазды.

Будапешт дәмханасында қонақтарға роботтар қызмет көрсетеді

Робот-даяшы Будапешт кафесінде қонақтарға қызмет көрсетеді

Венгрияның астанасындағы бұл кафені E-Szoftverfejlesztő деп аталатын IT компаниясы ашқан. Кафе автоматтандыру және жасанды интеллект саласындағы технологиялық революциямен қоғамды таныстыруға көмектесетін роботтар тобымен жабдықталған.

Робот-даяшылар тұтынушыларға азық-түлік пен сусындарды жеткізу үшін арнайы жабдықталған жолдармен жүреді. Администратор қызметін атқарушы Pepper роботы қонақтармен әңгімелесіп, көңілдерін көтеріп, сондай-ақ олармен би билейді.

«Жапондық Softbank компаниясы жасаған, Pepper роботы шулы кафе жағдайында клиенттерді есту мүмкіндін әлі де дамыту керек деді», кафе иесі Тайбор Чизмадия.

Онлайн-пікірлерге қарағанда, Pepper  роботының шығуы көптеген адамдарды таңқалдырған, сондықтан олар басқа роботтардың қолайсыз әрекеттерін кешіруге дайын. Автоматтандыру мен жасанды интеллекттердің көбеюіне, олардың адамдардың жұмысын тартып алу қаупіне қарамастан Будапешт кафелері қызметкерлерін жұмыстан босата қойған жоқ.

 «Шын мәнінде бізде бұрынғыға қарағанда екі есе көп адам жұмыс істейді, өйткені 20 шақты роботты жұмыс істету үшін таңғы 9-дан кешкі 9-ға дейін бізге қосымша IT мамандар қажет»  дейді Тайбор Чизмадия.

 

Аударған Мәдина ЖӘЛЕЛҚЫЗЫ,

«Egemen Qazaqstan»