Аймақтар • 29 Қаңтар, 2019

Ауыл шаруашылығы – табысты сала

1250 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2017 жылы Бүкіләлемдік банк пен Білім және ғылым министрлігінің  қолдауымен «Жас проджект» жобасы бойынша 1 миллион теңге қайтарымсыз несиені грант түрінде алдым. Ондағы басты жоспарым Түркістан облысында ауыл шаруа­шылығы саласын дамыту, Қаратау етегінде аграрлы кәсіппен айналысу болатын.

Ауыл шаруашылығы – табысты сала

Ең алғаш кәсібімді 4 бұзаулы сиыр алып, оны бордақылаудан бастадым. Кейіннен, көбейген төл басын нарыққа шығарып, оның орнына шағын қожалығымда жылқы түлігін байлап, бақтым. 

Өздеріңіз білесіздер, Кентау қала­сы­ның іргесіндегі Қаратау жыл­қы өсіруге ыңғайлы мекен. Алайда, қазір­гі таңда жайылымдық жерлер та­ры­лған. Бүгінгі таңда ауыл шаруа­шы­лығы бағытында кең өріс қажет болып тұр. 

2019 жылды Елбасымыз Жас­тар жылы деп жариялады. Сон­д­ық­тан Президентіміздің қам­қорлығымен кәсібін жаңа бас­та­ған жастарға қолдау көрсетілсе жақсы болар еді. Мемлекет тарапы­нан проценттік көрсеткіші төмен субси­дия берілсе, қора-қопсы салып, Қамбар ата түлігінің төлін көбейт­­сем деген ойым бар. Дәл қазір­гі таңда жеке қожа­лы­ғым­да 6-7 бас жылқы, он шақты сиыр бағып отырмын. 

Егер жеңілдетілген несие алған жағдайда сүт-ет өнімдерін шыға­ратын шағын кәсіпорын ашып, облыс тұрғындарын жергілікті, табиғи өніммен қамтамасыз етсем деген мақсат та бар. 

Жаңғақ шаруашылығы – та­быс-

­­ты бизнестің бірі. Атамыз тек мал асырап, дала кезген деген пікір­­мен келіс­пеймін. Керек кезін­де жер ем­шегін де еме білген. Кен­тау қала­сы­ның тамаша климаты жаң­ғақ аға­шын өсіруге өте қолайлы. Сон­дық­тан жергілікті әкімдік тарапы­нан жер телімі берілсе, жаңғақ қалам­шасын отырғызып, осы бір жемістің пайдасын көрсем деймін. 

Бүгінде көптеген ауыл жас­тары мемлекет тарапынан ауыл шаруа­шылығы саласына берілетін көмек­тен, бөлінетін қаржыдан бейхабар. Өз кәсібім арқылы екі қолға бір күрек іздеген жастарға үлгі болсам, осының өзі мен үшін үлкен жетістік.

Нұрсұлтан ШАЛАЕВ,

фермер

Түркістан облысы,

Кентау қаласы

Соңғы жаңалықтар

Офри Арад «Қайраттан» кетті

Футбол • Бүгін, 09:30

Алматыда қойма өртенді

Оқиға • Бүгін, 09:03