Фото: instagram.com/adiletkhan
«Күдікті бұған дейін тонау қылмысы үшін сотталған, қазір оған сот тарапынан 10 тәулік мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», делінген полиция хабарламасында.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
Полиция нақты қандай ақпарат туралы сөз болып отырғанын хабарлаған жоқ. Соңғы уақытта Молдахан әлеуметтік желілерде Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған резонанстық жол-көлік оқиғасын жиі көтеріп жүрген. Ол жариялаған видеоларында түнгі жарысты ұйымдастыруға құқық қорғау органдарының қатысы бар екенін мәлімдеген.