Қазақстан • 29 Қаңтар, 2019

«Отырып қалғандарға» – қосымша демалыс

672 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай күнтізбесі бойынша асқан салтанатпен тойланатын халықтық жаңа жыл – көктем мерекесіне де аз қалды. Миллиондаған ел тұрғындары жаңажылдық демалысқа әзірленіп жатса, кейбір қызметкерлерге қосымша 7 күндік демалыс қоса беріліп отыр.

«Отырып қалғандарға» – қосымша демалыс

Тағы не бастап отыр деп ойлап қалсаңыз, мұндағы әңгіме 35 жас шамасындағы тұрмысқа шықпаған қыздар төңірегінде болып отырғанын бірден айта кетейік. Жұмысқа біржола ден қойып, салтбасты, сабау қам­шылыққа үйренген бой­жеткендер де жар сүйіп, отбасы құрудан кенде қалмасын деген шешімге келген бірқатар қытайлық компаниялар қызметкерлеріне қо­сымша демалыс беруді жөн көрген. South China Morning Post басылымының жазуынша, Ханчжоу қаласындағы екі бірдей компания қарамағындағы 30 жас­тан асқан қыздарға қосымша демалыс жариялаған. Артынша қалалық мектепте де осындай шешім қабылданып, ұстамды ұстаздар да жеке өміріне уақыт арнауы керек деп тауыпты. 

Тұрмысқа шықпаған жиырма бес жастан асқан қыздарды «Шың-нүй» () – «отырып қалған қыз» деп айту қытай салтында да бар дүние екен. Тумысынан еңбекқор келетін қытай ұлтының осы бір қасиеті енді өз бастарына таяқ болып тиіп отырған сыңайлы. Жұмысты жанығып істеп, отбасы құруға асықпайтын әйелдер қауымының жыл сайын артып келе жатқаны осының айқын дәлелі. 

Дайындаған Ая ӨМІРТАЙ,

«Egemen Qazaqstan»

Соңғы жаңалықтар

Қауқарлы құс фабрикасы

Экономика • Бүгін, 09:05

Талап пен тәжірибе

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:55

Қазақ тойының төлқұжаты

Руханият • Бүгін, 08:53

Бір тәулікте – 8,3 миллион дана

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:45

Тәлімгер тәлімі

Қоғам • Бүгін, 08:38

Табыл Құлыяс қазынасы

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ең үлкен кітап дүкені

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:23

Сыр сүлейлерінің сарқыты

Руханият • Бүгін, 08:18