Оңтүстік астананың кей өңірлерінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, ал Алакөл көлдері аймағында 20-25 м/с.
Ал Қостанай өңірінде 30 қаңтарда бұрқасын күтілуде. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде тұман күтілсе, кей өңірлерде бұрқасын болады деген болжам бар. Оңтүстік-шығыстан cоғатын желдің күші 15-20 м/с, күндіз 25 м/с-ке дейін жетеді.
30 қаңтарда күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші – 17-22 м/с, таңертең және күндіз 27 м/с болады.
Шымқалада 30 қаңтарда күндіз қатты жауын-шашын жауады, оңтүстік-батыстан екпіні 17-22 м/с желдің соғуы байқалады.
30-31 қаңтарда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. 30-ы күндіз, 31 қаңтарда тәулік бойы екпіні 23-28 м/с желдің ұйытқуы байқалады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.
Тараз шаһарында 30-ы күндіз, 31 қаңтарда тәулік бойы оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с болады деп күтілуде. Кей уақытта тұман, көктайғақ болады.