Облыс әкімі Елбасыға негізгі әлеуметтік маңызы бар нысандардың, соның ішінде облыс әкімдігі, басқармалар мен аумақтық департаменттер ғимараттарының, сондай-ақ 1 200 мың шаршы метрді қамтитын тұрғын үй құрылысының барысы туралы баяндады.
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласының іскерлік орталығын салудың және абаттандырудың қазіргі қарқынын сақтау қажет екенін айтып, бірқатар нақты тапсырма берді.