21 Желтоқсан, 2012

Стратегияның құрдасы әрі төл баласы

273 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Стратегияның құрдасы әрі төл баласы

Жұма, 21 желтоқсан 2012 6:55

Еліміздің «Қазақстан – 2030» даму жоспарының негізгі қағидаларының мерзімінен бұрын орындалып, «Қазақстан – 2050»  жаңа стратегиялық бағдарды қабылдауға байланысты ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында Елбасының  Жолдауындағы «…Осы жылдар бойы біз тек алға адымдадық!» деген сөздеріне Қазаэронавигация» РМК ұжымы үн қатысты.

 

Жұма, 21 желтоқсан 2012 6:55

Еліміздің «Қазақстан – 2030» даму жоспарының негізгі қағидаларының мерзімінен бұрын орындалып, «Қазақстан – 2050»  жаңа стратегиялық бағдарды қабылдауға байланысты ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында Елбасының  Жолдауындағы «…Осы жылдар бойы біз тек алға адымдадық!» деген сөздеріне Қазаэронавигация» РМК ұжымы үн қатысты.

Себебі дәл осы күні оңтүстік астана­да әуе қозғалысын басқарудың жаңа авто­маттандырылған «Оңтүстік-Шығыс» орта­лығы салтанатты түрде іске қосылды. Осы­лайша, жер мен стратосфераның аралығын қамтитын бүкіл республика аумағындағы ұшулардың қауіпсіздігіне жауап беретін еліміздің Бірыңғай ұлттық аэронавигация жүйесі жасалды. Бұл – соңғы жеті жылдағы еңбектің жемісі.

Дәлірек айтсақ, бұл жобаны «Қазақстан – 2030» Стратегиясының төл баласы деп атауға болады. Себебі бүгінде ТМД елдері мен Орта Азия аймағы елдерінде теңдесі жоқ, Қазақстан аспанындағы әуе қозғалысын басқарудың бірегей автоматтандырылған кешенін жасау іс жүзінде 15 жыл бұрын қолға алынған еді. Ол кезде елдің аэронавигациялық қызметтері дербес мемлекеттік кәсіпорындарға бөлініп берілді. Алайда елдің дамуының алдағы жиырма жылдық тағдырын шешкен тарихи құжат 1997 жылы қабылданысымен, бұл іс қарқын алып, алға басты.

Ел Президенті өз Жолдауында айтқандай: «Осы жылдар бойы тек алға қадам басқа­нымызды жақсы білесіздер. Бізде әрдайым нақты жоспар болатын». Осы тұста Ұлттық аэронавигация жүйесін жасау жобасының жүзеге асу тарихы да жоспардан тыс қалған жоқ.

Бастапқыда 1995 пен 2005 жылдар ара­лы­­­ғында Қазақстанда саланың әлем­дік стан­дарттарындағы ең заманауи тех­но­­­­­ло­­гияларды қабылдауға қабілетті аэро­навигациялық индустрияның мықты базалық ин­фрақұрылымының жоспарлы қалыптасуы жүзеге асты. Сондай-ақ зияткерлік деңгейі бүгінгі күннің талаптарына сай келіп, ұдайы өз бетінше жетілдіріліп отыратын тиісті маман қорын дайындау бойынша тер төгілді.

Осыдан кейін ғана  ұшулардың қауіп­сіздігіне және бүкіл ел аумағындағы әуе қоз­ғалысының оңтайлы ұйымдастырылуына жауапты үш аймақтық диспетчерлік орталық сатылы түрде салынып іске қосыла бастады.

Осы бірегей нысандардың әрқайсысының құрылысына екі жыл уақыттан кетті. Аста­надағы Әуе қозғалыстарын басқару орталығы 2005 пен 2007 жылдар аралығында салынды. Дәл осындай орталық Ақтөбеде 2007 мен 2009 жылдар аралығында тұрғызылды. Және Ұлттық аэронавигация жүйесін құрудың соңғы тұйықтаушы сатысы – Алматы орталығының құрылысы 2010 жылы басталып, ағымдағы жылдың соңында аяқталды.

Сондай-ақ, әрбір келесі саты өзіне дейінгі кезеңдердің жетістіктерін қамти білді.

Осының барлығы мемлекеттік немесе шетелдік инвестициялардың көмегінсіз, кә­сіп­орынның өз қаражаты есебінінен жүзеге асты.

Бұл жобаның ауқымдылығын түсіну үшін Алматыдағы әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі орталығының тактикалық-техникалық сипаттамасына көз жүгірту жеткілікті. Бұл кешен ғимаратының өндіріс аумағы 7 326 шаршы метрді құрайды. Диспетчерлік мұнараның биіктігі 45 метрге жетеді. Орталықтың жауаптылық аумағы 1 млн. шаршы шақырымды қамтиды. Орталық республиканың Алматы, Балқаш, Қызылорда, Талдықорған, Тараз,  Семей, Шымкент, Өс­­кемен қалаларындағы сегіз әуежайды ба­­қылауында ұстайды. Ал жауаптылық аума­ғындағы әуе жолдарының ұзындығы 32 323 шақырымға созылады.

Алайда барлық үш әуе қозғалысын басқару орталықтарын іске қосу барысында елдің аэро­навигация жүйесін жетілдіру және жа­ңашаландыру үдерісі тоқтап қалған жоқ. «Қаз­аэронавигация» РМК заманауи аэро­­навигациялық қондырғы өндіретін жетекші әлемдік фирмалармен 2025 жылға дейін барлық аппараттық-бағдарламалық кешенге техникалық қызмет көрсету бойынша келісім-шарт жасасты.  Бұл Ұлттық әуе қозғалысын басқару жүйесі техникалық ахуалының  тұтас амортизациялық кезең бойы өзгергіш талаптар деңгейінде сақталуына кепілдік береді.

14 желтоқсан күні Алматы Әуе қозғалысын басқару орталығының ашылу рәсімінде сөз сөйлеген құрметті қонақтың бірі, Ха­лықаралық ИАТА авиациялық ұйымының Еуразиялық аймақтық кеңсесі директорының инфрақұрылым жөніндегі орынбасары Дмитрий Косолапов айтқандай, әңгіме Қазақстанның аэронавигациялық кешенін жаңашаландыру туралы болып отырған жоқ. Оның пікірінше, жобаның Алматыдағы бітіруші сатысын іске қосу арқылы Қазақстан Республикасында Орта Азия аймағында теңдесі жоқ әуе қозғалысын басқарудың түбегейлі жаңа жүйесі пайда болды.

Герман аэронавигациялық қызметінің төрағасы әрі бас атқарушы директоры Дитер Каден қазақстандық аэронавигациялық жүйенің тиімділігі мен сенімділігінің толықтай еуропалық стандарттарға сай келетінін айтты. Кейбір жекелеген параметрлері бойынша, тіпті, Еуропаның кейбір елдерін басып озады.

Сондай-ақ «Қазаэронавигация» РМК бас директоры Сергей Құлназаров айтқандай, қазіргі аэронавигациялық кешен республиканың әуе кеңістігіндегі әуе қозғалысы қарқынының он еселенген деңгейін қамтамасыз етуге қабілетті. Жаңа технологиялық шешімдер, атап айтқанда, «Мұнара» диспетчерлік пункт­­терінің аймақтық әуе қозғалысын басқару орталықтарының құ­рамына енуі, бір бағдарламалық жүйе арқылы ұлттық әуе кеңістігі шеңберіндегі ұшуларды ұйым­дастырудың үш орталығын қамту – жүйенің басты жаңалықтары осы.

Осының барлығына республиканың бү­кіл аумағы бойынша жүзеге асырылатын әуе қозғалыстарын оңтайлы әрі қауіпсіз ұй­ымдастыруды міндеттеген бірыңғай авто­маттандырылған кешен аясында қол жеткізіліп отыр.

Жалпы, әуе қозғалысын ұйымдастыру үдерісіндегі жаңа технологиялардың рөлінің қаншалықты маңызды екенін айтпаса да түсінікті. Мысалы: бір әуежай жаңа ұшу-қону жолағын (үшіншісін) салады да, сағатына 60-65 әуе кемесін қабылдау мүмкіндігіне ие болады. Екінші әуежай негізінен ғарыштық базалаудың навигациялық жүйесіне сүйенетін заманауи технологияларды қолдана отырып, екі жолақпен сағатына 90 әуе кемесін қабылдау қарқынына қол жеткізеді. Қазіргі таңдағы жағдаят осыған саяды. Айырмашылықты салыстырып қараңыз.

Қазақстанның өз аумағында халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін қабылдау құқығына қол жеткізгенін ескерсек, мұның маңызы арта түседі.

«Қазаэронавигация» РМК басшысы Сергей Құлназаровтың Алматыдағы Әуе қозғалысын басқару орталығының ашылу салтанатына келген журналистерге, еліміздің бірыңғай ұлт­тық жүйесінің қазіргі таңда іске қосылған, «ЭКСПО-2017» қонақтарына көрсетуге толық­тай дайын көлік инфрақұрылымындағы алғашқы нысан екенін мақтанышпен айтуының жөні бар.

Қазақстан әуе кеңістігіндегі әуе қозға­лы­сының қарқынын арттыруға байланысты әуедиспетчерлік қызмет тараптарынан ешбір шектеу жоқ.

Виктор ГУМНИКОВ.

АЛМАТЫ.