02 Наурыз, 2010

АГРАРЛЫҚ САЛАНЫҢ БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН

1048 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан хал­қына дәстүрлі Жолдауындағы аграрлық секторды жедел дамытуға бай­ланысты қағидаларын ауылдағы ағайындармен бірге ҚазҰАУ-дың үлкен ұжымы да ерекше ынта-ықыласпен қабылдады. Әрі еліміздің өткен онжыл­дықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктері және әлемдік аренада беделі өскендігі мақтаныш сезімін ұялатты. Қазақ­станның ішкі және сыртқы саясаттағы жетістіктерін Мемлекет бас­шысының көреген саясатымен, табанды ерік-жігерімен байла­ныстырамыз. Биылғы Жолдау – еліміздің бәсекелестікке қабілеттілігін арт­тырудың өзіндік стратегиялық жоспары, сондай-ақ әрбір қазақ­стандықтың алдағы онжылдыққа деген үмітін үкілеп, әлеуметтік-экономика­лық дамуымыздың даңғыл жолға тү­суіне сенімін нығайтады. Ондағы қойылған міндеттер, сондай-ақ ұсынылған шаралардың іске асырылатыны­ның күмәнсіздігі олар­дың ғылыми тұрғыдан негізделгенді­гінде. Ел­басы таяудағы онжылдықта тұр­лаулы да теңдестірілген даму, же­дел әртараптандыру және ұлттық эконо­миканың бәсекеге қабілет­тілігін арт­тыру есебінен жүзеге асатынын қа­дап айтты. Жоба тек жұмыс арқылы ғана емес қадаға­лау арқылы да жүзеге асады. Сон­дықтан алдағы он жылғы дамудың басты құжатында әр өңірдегі әрбір индустриялық жоба жергілікті биліктің ғана емес, сонымен бірге жұртшылықтың да айрықша бақылауына алынуы керектігін ескер­теді. Сөз жоқ, әртараптан­дырудың бас­ты маңызды сегменті агроөнеркәсіптік кешенді дамыту екендігі рас. Жолдауда оны дамытудың үш бағыты көрсетіл­ген. Оның біріншісі – еңбек өнімділігін арттыру. Екіншісі – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Үшін­шісі – елдің экспорттық әлеуетін іске асыру. Жолдауда бұл мақсаттарды іске асы­ру­дың жолдары мен тетіктері көрсетіл­ген. Экономиканың тұ­рақ­ты өсуінің кілті әлемдік тә­жірибе көрсеткенін­дей, индус­трияландыруды жеделдетуде, инфра­құрылымды дамытуда, адам ка­пи­та­лының бәсекелестік қабіле­тін арт­тыруда екені мәлім. Бұл үшін жаңа ин­новацияларды енгі­зудің маңызы зор. Елбасы сон­дықтан агроөнеркәсіптік ке­шен­ді дамытуға байланысты 2014 жыл­ға қарай агроөнеркәсіптік кешенде өнім­ділікті кем дегенде екі есеге арттыру, сол мерзімде ішкі рыноктың 80 пайыздан астамын отандық тағам өнімдері құрауына қол жеткізу, еліміздің экспорттық әлеуетін іске асыру міндеттерін алға қойып отыр. Осы аталған бағыттардағы жұмыс­тың нәтижелі болуында еліміздегі ұлттық инновациялық жүйенің тиімді жә­не ұтымды қызметін қалыптас­тыру­дың рөлі ерекше көрсетілген. Осы тұрғы­дан келгенде, ғылыми әлеуеті орасан біздің Қазақ аграрлық университе­тінің орны айырықша дер едім. Универси­тет білікті ғылымдар шоғырланған, ғы­лыми-зерттеудің лекті нәтижелеріне ие, еліміздің аграрлық секторында шет­елдік инновациялық технологияларды бейімдеу тәжірибесі жинақталған ұжым ретінде ұлттық инновация­лық жүйедегі жетекші орталық­тардың бірі. Жолдау міндеттері тұрғысынан қарағанда агро­өнеркәсіптік кешенді дамытуда біздің ғалымдардың араласпайтын сала­сы жоқтың қасы. Университетте 700-ден астам ғы­лым докторы мен кандидаты қыз­мет атқарады. Олардың аграр­лық салаға көмегі шешуші сипатқа ие. Оқу орнында ҚР ҰҒА Аграрлық ғылымдар бөлімшесі орналасқан. Оның құрамында 38 академик зерттеу жұмыстарына жетек­шілік жасап отыр. Іс жүзінде олар­дың әрқайсысының қалып­тас­қан ғылыми мектебі бар. Мұ­нымен қатар университетімізде 3 ғылыми-зерттеу институты, 3 ғы­лыми-зерттеу орталығы нәтижелі зерттеу жұмыстарымен шұ­ғыл­данады. Соларда іргелі және қол­дан­балы бағыттар бойынша он­даған тақы­рыптарда ғылыми зерттеулер жүргізілуде. Жолдауда Елбасы тапсырмасы бо­й­ынша Үкімет жедел индус­трия­лық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы мен ел­ді индустриялан­дырудың егжей-тег­жейлі картасын әзірлегені ай­тыл­ды. Яғни, алдағы таяу жылдар­да нені, қайда және қа­шан сала­тын­дығымыздың толық іс-қимыл жос­пары бар деген сөз. Ел эко­но­ми­касы үшін аса маңызды шақта кім ғылыми көмек сұрар екен деп қа­рап отыратын уақыт па?! Уни­вер­си­тет басшылығы мәселенің өткір­лігіне байланысты ойла­са келе индустриялық-инновациялық ба­ғыт­­тардың нақты нысандарына, қол­­ға алына бастаған жобалардың атқа­рушы әкімшілеріне сол сала мен оның инновациялық ұмты­лыс­­тарын жетік білетін ғалымдар­ды жіберуді жөн көрді. Олар барған жерлерінде жұмыстың ғы­лыми негізде ұйымдастырылуына, ең үздік инновациялық жаңа­лық­тарды енгізуге тегін көмектесетін бо­лады. Мақсат – мәселеге ғы­лыми тұрғыдан келудің артықшы­лық­­тарына көз жеткіз­діру. Жоба басшылары біздің ғалым­дардың нақты пайдалы екендігіне көз жет­кізген кезде жұмыс әрі қарай ке­лі­сім-шарт негізінде жалғасатын болады. Елімізде тұтастай экономика бойынша бір қызметкерге жылына 17 мың доллардың өндірілген өнімі келсе, дамыған елдерде бұл көрсеткіш ең кемі 90 мың дол­лар­ды құрайды. Онда ауыл шаруа­шылығында бір жұмыс істеуші жылына 50-60 мың доллардың өнімін өндірсе, бізде шамамен бұл 3 мың долларға жетер-жетпес қана. Айырмашылық жер мен көктей. “Қо­рытынды түсінікті, – дейді Елбасы осы­ған орай өз Жолдауында, – бізге жағдай­ды түзету – өнімділікті арттырып, инно­вацияларды ендіру керек”. Еліміздің азық-түлік қауіпсізді­гін қамтамасыз ететін ауылшаруа­шы­лық мәшинесі құрылысының металдар тех­нологиясы, агроэко­ло­гия, мал ша­руашылығы, егін­ші­лік саласында әлемдік стандарт­тар­ға жауап беретін ізденістер бар­шылық. Бізде құрылған зертхана нано деңгейінде зерттеу жүргізуге, сондай-ақ универси­тет ғалымда­рына тағам өнімдері мен ауыл шарушылықтарында ГМО құ­рамын анықтаудың жаңа экспресс әдістерін жасауға мүмкіндік береді. Университет инновациялық жа­ңа­лықтары мол жапон компа­ния­ла­рымен тығыз байланыс ор­натты. “SHІMADZU” компания­сы өкілдерінің қатысуымен ғы­лыми-практикалық семинар өткі­зі­ліп, онда осы компания шыға­ратын құрал-жабдықтардың тұ­сау­кесері жа­сал­ды. Алдағы уақытта 50 пайыздық жеңілдікпен осы құрал-жабдықтар бізге берілетін болды. Ол біздегі экология­лық орталықтың нысаналы жұмыс іс­теуіне мүмкіндік береді. Жапо­нияның “Іntеractіve Corporatіon” компаниясы­мен ынтымақтастық нәтижесінде университеттің агробиоинженерлік нанозертха­насының жұмыстарына арналған бүгінгі күн талабына сай екі электронды микроскоп қондыр­ғысы орнатылды. Үкіметтің 200 млн. теңгелік грантына алынған бұл зертхананың ғылым жолын­дағы ізденістерге соны серпін берері сөзсіз. Тараптар арасында ал­дағы уақытта өзара ынтымақ­тас­тық туралы меморандумға қол қой­ылды. Бұл тек университет үшін ғана емес бүкіл еліміздің аг­рокешені үшін маңызды қадамдар. Ғалымдардың үлкен тобы ака­демик Р.Елешевтің жетекшілігімен құнарлы топырақтың маңызды көр­сеткіштерін реттейтін агро­хи­миялық және агро­техникалық тәсілдерді кешенді пай­далануда, профессор Т. Нұрғасеновтың жетек­­шілігімен күріштің ауыспалы егісінен шыққан жерді рекульти­вациялау тәсілін ұтымды тәсілмен алмастыруда, жеміс-көкөніс кафе­дра­сының қыз­меткерлері (про­фес­сор С.Н.Олейчен­ко жетекшілігі­мен) агробиоәртүрлілік жемісті да­қылдар мен жүзімнің жабық та­мыр жүйесімен қысқы ұластыруды қолданумен алма мен алмұрт кө­шет­терін өсіруде, инженерлік салада Ж. Садықовтың жетекші­лігі­мен энергияны үнемдеуде ин­новациялық технологиялар және ауылшаруашылық дақылдарын өсіру үшін техникалық жабдықтар энергия көздерін дәстүрлі емес жо­лымен қал­пына келтіру база­сын­да үлкен жұмыстар атқары­луда. Мемлекеттік сынақтан сәтті өт­кен, тә­жірибелі-өнеркәсіптік партия­лар шы­ға­рылымы ұсынған “Қазақ­стандық-1” тәжірибелі-өнеркәсіптік ком­ба­йнының үл­гісі дайындалды. Сондай-ақ ғалымда­рымыз еліміздегі су тап­шылығына орай тамшылата суарудың жаңа жүйесін жасады. Университетте Ш. Дәленов, Т. Са­дықұлов, К.Дүй­сенбаев, А.Егеубаев тәрізді профессорлардың жетек­шілігі­мен мал шаруашылығы саласында ірі ғылыми жұмыстар жүргізілуде. Республиканың асыл тұқымды шаруа қожалықтарында жүргі­зілген зерттеулердің нәтижелері басқа шаруашылықтарда іске асырылған мал басының жоғары өнімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Республикадағы мал ба­сы­ның жалпы жоғары генетикалық әлеуетіндегі асыл тұқымды мал­дардың үлесі артты. Фермерлік өндіріс саласының қызметкерлерін даярлау мен кә­сіби қайта даярлауда университет­те 1996 жылы жоғары фермер мектебі ашылған болатын. Сол жылдардан бері 10 мыңнан астам фермер білімдерін жетілдіре алды. Фермерлерді оқытуда бүгінгі таңда қашықтықтан оқыту сияқты әдіс-тәсіл­дер қолданылады. Осы келтірілген жағдайлар барлық мүдделі тараптардың өзара байланысын күшейту қажеттілігін анықтайды, Елбасының халыққа Жолдауында айтылған міндеттерді табысты жүзеге асырудың кепілі болып табылады. Университет ұжымы да жоғары халық­аралық талаптарға және әлемнің же­текші университеттерінің рейтингіне ену­ге ұмтыла отырып жоғары бі­лім сапа­сын қамтамасыз ету үшін барлық күш-жі­герін жұмсайды. Тілектес ЕСПОЛОВ, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі