«90 млн тоннадан астам мұнай мен 55 млрд текше метрден астам газ өндірілді. Мұнай өңдейтін барлық үш зауытты жаңғырту жұмыстары аяқталды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша негізгі мұнай өнімдеріне бөлшек баға өсімі байқалған жоқ. Биылдан бастап бензин, дизель отыны, авиакеросин мен битумге ішкі қажеттілік қамтамасыз етіледі», - деді Е. Досаев.
Сондай-ақ ол өткен жылдың қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімнің өсімі 4,1 пайызды құрағанын, ал осы өсімнің 70 пайызы шикізаттық емес сектордың есебінен қамтамасыз етілгенін сөз етті.
Маржан ТІЛЕУБЕК,
«Егемен Қазақстан»