Қазақстан • 30 Қаңтар, 2019

Данияр Ақышев: Бәсекеге қабілетсіз банктерді нарықтан шығару жалғасады

462 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлтты банк төрағасы Данияр Ақышев банк секторын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды атады.

Данияр Ақышев: Бәсекеге қабілетсіз банктерді нарықтан шығару жалғасады

«Бірінші бағыт – банк секторын сауықтыру. Былтыр «Халық банк» пен «Казкомның» бірігуі банк секторындағы басты оқиға болды. «Халық банк» қазір елдегі банк секторының 34% құрайды. Бұл - жақсы құбылыс, себебі Ұлыбритания, Италия, Швейцария, Франция, Ресей сынды әлемнің көптеген елінде нарықтың 30% -ын алатын банктер бар. Шетелдіктермен ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да бәсекеге қабілетті бола алатын Қазақстанға ірі қаржы институт қажет», - деді Данияр Ақышев.

Сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы нарықтан әлсіз банктерді шығару жұмыстары жалғасатынын айтты. 

«Былтыр үш банктің лицензиясы алынды. Ол банктерді жабудың  процестері аяқталып қалды, азаматтарға депозиттегі қаржыларын төлеу басталды. Активтер жұмысы тұрақты компанияларға берілуі тиіс», - деді ол.

Маржан ТІЛЕУБЕК,

«Егемен Қазақстан»