Қазақстан • 01 Ақпан, 2019

Павлодардағы шипажай скандинавиялық жүріске мән береді

757 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облыс  орталығының іргесіндегі «Черноярка маржаны»  емдеу демалыс орнын жергілікті инвестор қолға алды.

Павлодардағы шипажай скандинавиялық жүріске мән береді

Жобаның жаңарып, жарқырап қызмет  көрсету үшін  «Крендель» кондитерлік кәсіпорны қаржысын салып, қажетті жабдықтар мен жиһаздарды сатып алды.

Сондықтан, облыс әкімдігінің қолдауы мен бірге қолға алынған  жұмыс басалды.  Алты айдай уақыт ішінде   бұрынғы  «Черноярка маржаны демалыс орны өзгеріп шипажайға айналды.

Орталық әрбір көрсетілетін қызметке медициналық лицензия алды.

Жаңа басшылық пен «Жемчужина долголетия» ЖШС серіктестігі арасында 5 жылға мемлекеттік-жекеменшік әріптестік келісімшарты жасалды.

Бұл құжатқа сәйкес кәсіпкер зейнеткерлерге әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Мемлекеттік тапсырыс негізінде кезекке тұрғандар кестеге сәйкес шипажайға жіберіліп отырады. Көлік қатынасы  бар.

Бұл күндері  шипажай зейнеткерлерге үзіліссіз жұмыс жасауда.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлес-тіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, шипажайда айына 110 адамға түрлі ем-шара, сауықтыру қабылдайды.

Зейнеткерлер 12  күн ем алып,  демалады. Биыл 1320 зейнеткерді қабылдауға әзірленуде.  Шипажайда сауықтыру үшін емдеу-денешынықтыру шаралары, массаж, физиотерапевтік ем-дом, галокамера, марал мүйізінің емдік қасиеттері қолданылатын ванналар, фито-бар сынды әдістер қолданылады.

Сонымен бірге,  скандинавиялық жүрістің де тиімділігі ескерілген.

Скандинавиялық жүріс - спорттың жаңа түрі. Бұл жүріспен әуелі еуропалықтар айналыса бастады.

Жүрістің ерекшелігі- шаңғы таяқтары секілді таяқты пайдалана отырып жүресіз. Жай жүрістен айырмашылығы - денедегі барлық бұлшық еттер қозғалысқа түседі.

Мамандардың айтуынша, омыртқаға жақсы әсер етеді. Қан тамырлары мен жүрек-қан тамырларының жұмысы жақсарады. Қарапайым жүрістен де  айырмашылығы бар.

Яғни, жылдамдық маңызды емес, жүріп келе жатып тынығып, жаттығулар жасауға болады.

Шипажайда барлық емдеу-сауықтыру шаралары дәрігердің нұсқауымен әрі бақылауымен жасалады. Орталықта түрлі кештер өтіп тұрады.

Зейнеткерлер бос уақыттарын тиімді өткізіп жатыр. Қыста шаңғы тебеді. Орманда серуендейді. Бес мезгіл тегін тамақ беріледі. 

Мойылды шипажайының балшығынан апликациялар жасау, йодталған ванналар қабылдау жасалатын болады.

Қос тарапқа тиімді әріптестіктің мүмкіндігін аудандық, қалалық жұмыспен қамту бөлімдеріне тіркелген өңірдегі әрбір зейнеткере пайдалана алады.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР