Ішкі істер министрлігіне білім және ғылым министрлігімен, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен бірге:
1) мектептерді, техникалық және кәсіби білім беретін ұйымдарды кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі полиция инспекторларымен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;
2) тұрақты негізде халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс профилактикасы бойынша кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторлары үшін біліктілігін арттыру курстарының өткізілуін қамтамасыз ету;
3) 2016-2017 жылдар кезеңіндегі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция инспекторларының жұмыстарына талдау жасау, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
4) өмірдің қиын жағдайына тап болған сәтсіз отбасылардағы балаларды анықтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу;
Білім және ғылым министрлігі ішкі істер министрлігімен, мәдениет және спорт министрлігімен, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен бірге:
1) халықаралық тәжірибені ескере отырып, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық профилактикасы мәселесі бойынша әлеуметтік педагогтар, педагог-психологтар үшін біліктілігін арттыру курсын өткізуді қамтамасыз ету;
2) заңға бағынушылық әрекетті, құқықбұзушылыққа мүлдем төзбеушілікті, балалардың берік психологиялық денсаулығын қалыптастыратын, мектеп және колледж оқушыларының құқықтық білім деңгейін арттыру бойынша уақытылы бейнероликтер әзірлеп, тарату;
3) Балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездік көрсетудің алдын алу жөніндегі 2019 –2021 жылдарға арналған ведомствоаралық бірлескен іс-қимыл жоспарының сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
4) органдар мен білім беру ұйымдарына балаларға қатысты қатігездікті анықтау және жұмыс жасау бойынша ведомствоаралық өзара байланыс алгоритімін жеткізу.
Денсаулық сақтау министрлігіне:
1) зорлық-зомбылыққа немесе қатыгездікке тап болған балаларға тұрақты түрде уақытылы білікті көмек көрсетуді қамтамасыз ету;
2) дамуында, іс-әрекетінде ауытқушылығы бар немесе әлеуметтік қауіпті жағдайда жүрген жасөспірімге көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау мекемелерінің қызметін жетілдіру бойынша шаралар қабылдау.
Ақпарат және коммуникация министрігіне:
1) кәмелетке толмағандар ісі бойынша материалды дұрыс тарату бойынша журналистер арасында оқыту семинарларының өткізілуін қамтамасыз ету;
2) кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық, суицид, және басқа да құқықбұзшылықтар жасауға үндейтін әлеуметтік желідегі, сайттар мен интернет-ресурстардағы парақшаларды бұғаттау шараларын тұрақты негізде күшейту;
3) республикалық және өңірлік телеарналарда балалар тәрбиесі және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ата-ананың жауапкершілігін арттыру бойынша бейнероликтер мен бейнесабақтарды тарату мүмкіндіктерін қарастыру.
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қаласының әкімдіктеріне:
1) кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық профилактикасына бағытталған шаралар өткізу арқылы білім беру мекемелерінің ата-аналар қоғамымен өзара қарым-қатынасын жандандыру шараларын қабылдау;
2) заңға бағынушылық әрекетті, құқықбұзушылыққа мүлдем төзбеушілікті, балалардың берік психологиялық денсаулығын қалыптастыратын, оқушылар мен ата-аналардың құқықтық білім деңгейін арттыру бойынша балалар мен ата-аналардың хабардарлық деңгейін арттыруға бағытталған ақпараттық кампаниялар өткізу;
3) ЮНЕСКО бастамашы болған «Қауіпсіздікте оқу» кампаниясын өткізу мүмкіндігін қарастыру;
4) үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық профилактикасы мәселесі бойынша жобаны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен қаражаттың бөлінуін қарастыру;
5) кәмелетке толмағандар арасында зорлық-зомбылық, суицид және құқықбұзушылық деректерін талдау және мониторинг жүргізу;
6) ерекше ұстау режимі және тәрбиелеу абақтысынан, девиантты әрекеті бар балаларға арналған білім беру мекемелерінен оралған кәмелетке толмағандарды әлеуметтік бейімдеу және өмірге бейімдеу бойынша шаралар қабылдау;
7) әлеуметтік-әлсіз отбасы балалары мен құқықбұзушылыққа бейім балаларды тарта отырып, скауттық және еріктілер қозғалысын дамыту шараларын қабылдау;
8) балалардың қосымша біліммен, спорт секцияларымен айналысуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау.