Жобаның мақсаты Алматы қаласындағы музыка мектептері оқушыларының, студенттердің және ұстаздардың кәсіби шеберліктерін арттыруға, ақпараттық және тәжірибелік көмек көрсетуге бағытталған.
«Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Швейцариядан келген профессорлардың қатысуымен «Халықаралық шеберлік сағаты» (скрипка) бірлескен жобасын ұсынады.
Фестиваль қонақтары ретінде Вена консерваториясының және Швейцариядағы жоғары музыка мектебінің профессоры Павел Верников, халықаралық байқаулардың лауреаты, Лозанна жоғары музыка мектебінің профессоры Светлана Макарова, «Young Eurasian Soloists» камералық музыка оркестрінің көркемдік жетекшісі және негізін қалаушы Шернияз Мусахан, Базель консерваториясының доценті Яна Озолина арнайы шақырылып отыр.
Халықаралық тәжірибеде скрипкашыларға арналған шеберлік сағаттары алғаш рет камералық оркестрдің сүйемелдеуімен өткізілмек.
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,
«Egemen Qazaqstan»
АЛМАТЫ