01 Ақпан, 2019

Алматыда үкімет басшыларының кездесуі өтті

451 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы «Royal Tulip Almaty» қонақ үйінде жалғасқан үкімет басшыларының кездесуі ЕАЭО аясындағы интеграциялық өзара ықпалдастық бойынша бірқатар мәселелерді қарастыруда.

Алматыда үкімет басшыларының кездесуі өтті

Сауда-экономикалық байланыстар, мүше мемлекеттер арасындағы сауда қатынастарын ұлғайту, ішкі нарыққа кедергі жасайтын жайттарды, сондай-ақ экономиканың жекелеген салаларында интеграциялық әлеуетті дамыту да бүгінгі отырыстың күн тәртібінде. Үкіметаралық кеңес отырысы сонымен қатар бірнеше жылдар бойы қарастырылып келе жатқан кеме ісі бойынша Келісімдерді де назарда ұстап отыр.  ЕАЭО туралы келісім-шартқа сәйкес әзірленген Келісім аясында бірыңғай көлік кеңістігін қалыптастыру, ішкі су көлігі саласындағы ортақ көлік қызметі нарығын құру мәселесі қамтылған. 

Үкімет басшылары Еуразиялық үкіметаралық отырыстың алдыңғы кездесулерінде қарастырылған мәселелерге де оралатын болады. Нақты айтқанда, ЕАЭО аумағына жекелеген тауарларды тасымалдау бойынша жеңілдіктерді болдырмауға байланысты келісімді дайындау жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссияның ақпараты тыңдалатын болады.

Эльвира Серікқызы,

«Еqemen Qazaqstan»

 АЛМАТЫ