Аймақтар • 01 Ақпан, 2019

Цифрландырудың пайдасын көре бастады

720 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова цифрландырудың қарқынды жүргізіліп жатқанын айтты.

Цифрландырудың пайдасын көре бастады

Облыста 293 мектеп кең жолақты интернетке 100% қосылып, WI-FI–мен қамтамасыз етілген. Барлық мектептер «Күнделік» электронды жүйесінде жұмыс жасайды.

Сонымен қатар, мемлекеттік жекеменшік әріптестік негізінде 8096 дана компьютерлер жаңартылды. Мектептер 156 жаңа модификациялық физика, химия, биология пәндік кабинеттерімен, 92 робототехника кабинеттері алынды.

«Облыстағы 9 Оқушылар үйі «3D-модельдеу» және «Цифрлық білім беру лабораториясы» кабинеттерімен жарақтандырылды. Қызылорда қаласындағы Оқушылар үйі–«IT-iMAQORDA» ресурстық орталығы ретінде ашылды. 23 шағын жинақталған мектептер BilimBook кешенімен қамтамасыз етілді»,- деді Майра Тұрғанбайқызы.

Өткен жылы осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін 1,5 млрд теңге облыстық бюджеттен бөлінген болатын.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы