Мәселен, 2013 жылы 70,6 жасты орталаған болса, бүгінде облыс халқының орташа өмір сүру жасының ұзақтығы 72,6 жасқа жеткен екен.
- Аймақта адамдардың өлім-жітім деңгейі 1,8 пайызға төмендеген. Олардың арасында қан-айналым жүйесінен, жарақат пен улану, қатерлі ісік пен өкпенің құрт ауруы сынды сырқат салдарынан болатын өлім-жітім деңгейі азайған,-дейді Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Ақмарал Әлназарова.
Облыс медицинасының материалдық-техникалық базасы жақсарады. Мамандар тапшылығы азайып келеді. Жаңа нысандар пайдалануға беріліп жатыр. Осы игіліктердің нышаны жақсы жемісін беруде.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Egemen Qazaqstan»
Қызылорда облысы