Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қолға алынған жоба бойынша бұл су қоймаларына 3 млрд текше метр тасқын су жиналады деп күтілуде.
- Олардың ішінде ең ауқымдысы ретінде 1,5 млрд текше метр су жинайтын Қараөзек және 600 млн текше метр су жинайтын Күміскеткен су қоймаларын айтуға болады. Жыл сайын Үлкен Арал теңізіне қайтарымсыз кететін 3-4 млрд.текше метр суды Күміскеткен және Қараөзек су қоймаларына жинаймыз. Сол арқылы егістікті сумен қамтамасыз етуге, мал және балық шаруашылығын дамытуға жағдай жасалады, - деді Қызылорда облыстық табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Шәменов.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Egemen Qazaqstan»
Қызылорда облысы