Аймақтар • 01 Ақпан, 2019

Экспорт көлемі артып келеді

520 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сейілбек Нұрымбетов экспорттың көлемі ұлғайғанын айтты.

Экспорт көлемі артып келеді

Мәселен, өткен жылдың тоғыз айының өзінде 23,8 млн. долларын құрайтын 66,6 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталып, 2017 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 27,2 пайызға артқан екен.

- Облыстан Өзбекстан Республикасына 285 бас түйе, 100 бас ет бағытындағы МІҚ малдары, Біріккен Араб Әмірлігіне 72 бас тірілей түйе экспортталды. Сондай-ақ, Түркістан облысы және Жамбыл облысының ет комбинаттары арқылы Иран Ислам Республикасына және Ресей Федерациясына барлығы 8191 бас қой экспортталды, - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары.

Облыста биылғы жылы экспорт көлемі былтырғыдан анағұрлым артады деген болжам бар.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы

Соңғы жаңалықтар

Қауқарлы құс фабрикасы

Экономика • Бүгін, 09:05

Талап пен тәжірибе

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:55

Қазақ тойының төлқұжаты

Руханият • Бүгін, 08:53

Бір тәулікте – 8,3 миллион дана

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:45

Тәлімгер тәлімі

Қоғам • Бүгін, 08:38

Табыл Құлыяс қазынасы

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ең үлкен кітап дүкені

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:23

Сыр сүлейлерінің сарқыты

Руханият • Бүгін, 08:18