Әлем • 01 Ақпан, 2019

Ақпан айына арналған ауа райы болжамы жарияланды

1427 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпанның алғашқы онкүндігінде барлық аумақтағы ауа райы нашарлауы мүмкін: жауын-шашын, кей жерлерде күшті, жел күшейеді. Республиканың солтүстік бөлігінде басым түрде боран, оңтүстік бөлігінде тұман және көктайғақ күтіледі. Бұл туралы Қазгидрометтің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ақпан айына арналған ауа райы болжамы жарияланды

Бірінші онкүндіктің ортасында Батыс Сібірдің аудандарынан батыстан шығысқа қарай суық антициклон жылжып, температура төмендейді.

  • республиканың батысында, солтүстік-батысында түнде 20...30 аязға дейін, күндіз 15...23 аязға дейін;
  • республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде 33...43 аяз, күндіз 25...33 аяз;
  • республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 18...28 аяз, күндіз 5...15 аяз.

Антициклонның ықпалымен алдағы екі онкүндік салқын және аз жауын-шашынды ауа райы басым болады. Тек кейбір күндері белсенді циклондарға байланысты жауын-шашын болмайды.

Республиканың басым бөлігінде бір ай ішінде орташа ауа температурасы нормадан 1...2°С төмен.

Жауын-шашынның айлық мөлшері Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Маңғыстау облыстарында, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде нормадан аз түседі.