Кесел: өршу емес, кему бар
Жұма, 2 қараша 2012 7:11
Баршаға аян, туберкулез, қазақыұғымда құрт ауруы бүгінгі таңдаденсаулық сақтау саласыныңөзекті мәселелерінің бірінеайналып отыр. Мәселен, ДДҰ-ныңмәліметтері бойынша төрткүлдүниеде күн сайын 9 миллионғажуық адам туберкулезге шалдықса, 2 млн-ға таяу науқас одан көзжұмады екен. Туберкулез – бұл тек қана медициналық емес, сонымен қатар қоғамдық проблема. Ендеше, бұл жағдай Қазақстанда қалай, оны емдеу, алдын алу жолдары жайында кеңінен мағлұмат алу мақсатында бүгінде сексен жылдық тарихы бар еліміздегі байырғы емдеу орындарының бірінен саналатын Туберкулез мәселелері Ұлттық орталығының директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Тілеухан ӘБІЛДАЕВҚА жолыққан едік.
Жұма, 2 қараша 2012 7:11
Баршаға аян, туберкулез, қазақыұғымда құрт ауруы бүгінгі таңдаденсаулық сақтау саласыныңөзекті мәселелерінің бірінеайналып отыр. Мәселен, ДДҰ-ныңмәліметтері бойынша төрткүлдүниеде күн сайын 9 миллионғажуық адам туберкулезге шалдықса, 2 млн-ға таяу науқас одан көзжұмады екен. Туберкулез – бұл тек қана медициналық емес, сонымен қатар қоғамдық проблема. Ендеше, бұл жағдай Қазақстанда қалай, оны емдеу, алдын алу жолдары жайында кеңінен мағлұмат алу мақсатында бүгінде сексен жылдық тарихы бар еліміздегі байырғы емдеу орындарының бірінен саналатын Туберкулез мәселелері Ұлттық орталығының директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Тілеухан ӘБІЛДАЕВҚА жолыққан едік.
– Әділхан Тілеуханұлы, өткенсіз бүгінгіге баға беру қиындау болар, алдымен сексеннің сеңгіріне шыққан мекеменің тарихы, яғни негізі қалай қаланды, алғашқы ұйымдастырушылары, басшылары жайлы қысқаша тоқталып кетсеңіз…
– Қазақстанда туберкулез институты 1932 жылы 9 наурызда КАССР Халық комиссариатының шешімімен құрылған. Алғашқыда бар болғаны 25 төсек-орынды қамтыса, сол уақытта республикада 790 ауруханалық төсек-орын болатын. Институттың алғашқы директоры медицина ғылымдарының докторы, профессор В.И.Зюзин болса, Отан соғысы жылдары ҚазКСР-дың еңбек сіңірген дәрігері А.М.Задворных, кейіннен Г.М. Варшавский, Д.У.Төлемісов, 1963-1982 жылдары ғылымға еңбегі сіңген қайраткер, профессор Айқан Терлікбаев, 1982-1997 жылдары профессор Әлдеш Жүнісбеков, 1997-2012 жылдары профессор А.А. Жәңгіреев, Ш.Ш.Исмаилов, Ғ.Б. Рақышев басқарды. Бүгінде орталықта 400 төсек-орын, ал жалпы елімізде 13498 төсек қоры бар. Орталықта 7 ғылым докторы, 5 профессор, 19 медицина ғылымдарының кандидаты жұмыс жасайды.
– Деректерді сөйлетіп көріңізші, бүгінде Қазақстанда қанша адам есепте тұр? 1991-2000 жылдары Қазақстан туберкулезге шалдығушылықтан дүние жүзі бойынша 12-ші, ал ТМД елдері арасында алдыңғы орынды иемденуінің өзі талай жайды айғақтаса керек…
– Ұлттық орталық қазіргі таңда Қазақстан туберкулез ғылыми зерттеу институты бастаған өте әлеуметтік маңызды міндеттерді шешуді нәтижелі атқарып келеді. Институттың нақты тәжірибелік, ғылыми ізденістерінің, озық тәжірибені барлық өңірлерге ендіруге жетекшілігінің нәтижесінде 60-жылдардағы ушыққан эпидемиялогиялық жағдайды тұрақтандырып, жағдайдың едәуір жақсаруына қол жеткізілді. Институт Кеңес Одағы кезіндегі одақтас республикалар арасында нәтижелі жұмыстармен ерекшеленді. 60-шы жылдардың басында туберкулездің алғашқы сырқаттану көрсеткіштері 100 мың адамға шаққанда 300-ді, ал өлім көрсеткіші 60-ты құраған. 80-ші жылдары жағдай айтарлықтай жақсарған еді. Алайда, тәуелсіздік алған жылдардағы әлеуметтік- экономикалық тұрақсыздықтар тағы да туберкулезден ахуалдың нашарлауына ықпал етті. 2002 жылы сырқаттану көрсеткіші 165,5, өлім көрсеткіші 24,4 құрады. 1998 жылы Елбасының Жарлығымен қабылданған мақсатты іс-шаралар, туберкулезбен күрес мәселелеріне соны пәрмен берді. Нәтижесінде 10 жыл ішінде сырқаттану көрсеткіші 1,9 есеге, өлім 3 есеге азайды.
– Бүгінде орталықта қанша науқас емделеді? Ұлттық орталық болғандықтан республикадағы жағдайды да үйлестіріп отыратын шығарсыздар? Ендеше, аймақтағы ахуал қандай, қай облыста ауру көрсеткіші басым? Қандай түрлері көбірек белең алған?
– Қазіргі төсек қорымен Ұлттық орталық жылына 1300-1400 ауруды емдеп шығарады. Орталықта негізінен аурудың күрделі түрлері – көптеген дәріге төзімді туберкулез емделеді. Өкпе хирургиясы бөлімшесінде терапиялық емге көнбеген, өкпе тесігі бар ауруларға ота жасалады. Статистикаға сүйенсек 85 пайыз жағдайда өкпе туберкулезі, ал 15 пайызында өкпеден тыс туберкулез кездеседі.
Орталық еліміздегі барлық облыстарға үйлестіру, әдістемелік, жетекшілік, кеңес беру міндеттерін атқарады. Осындай қызметтік көмекті қылмыстық атқару жүйесіне де көрсетеді. Нәтижесінде жыл өткен сайын жағдай жақсарып, сырқаттану және өлім көрсеткіштері төмендеп келеді. Дегенмен де Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласында сырқаттану көрсеткіштері республикалық орта көрсеткіштен жоғары. Орталық барлық өңірлерде жылына 2 рет мониторингтік бақылау жасап, кешенді іс-шаралар барысына баға берумен, нормативті құжаттарды уақыт талабына сәйкестендірумен айналысады.
– Мультирезистенттік туберкулез – құрт ауруының өте қауіпті, емге көнбейтін түрі соңғы кездері тұрақты өсіп келе жатқан көрінеді. Оқырмандарға түсінікті болсын, кеңірек тоқталсаңыз?
– Көптеген дәріге төзімді туберкулез (мультирезистентті) өкінішке орай, республикамызда алғаш сырқаттанғандар арасында – 19, қайталап ауырғандар арасында 53 пайызды құрайды. Емделіп жазылу нәтижелігі елімізде 73 пайыздан жоғары. Емделу нәтижесі аурудың ұзақ емделу курсына шыдауына, үзбей емді жалғастыруға тұтастай байланысты. Бір қауіпті жері, аурудың осы түрімен ауыратын адамдар қауіпсіздік шараларын сақтамаса, басқалар осы қауіпті ауруды жұқтырады. Сондықтан санитарлық ағарту, психологиялық қолдау жұмыстары қатар жүргізілуде. Емдеу нәтижесіне басқа да қосымша аурулардың қосарлануы (қант ауруы, басқа да созылмалы аурулар) өз әсерін тигізіп жатады. Қазақстанда туберкулездің көптеген дәріге төзімді түрімен ауырғандарды емге алу деңгейі 85 пайызға жетті, бұл ДДҰ стандартына сай, 2011 жылдың қорытындысы бойынша аурудың бұл түрімен сырқаттану 3,8 пайызға азайды. Бұл жағдай тұрақтана бастағанның көрінісі деуімізге болады.
– Орталық республикадағы осы бағыттағы ғылыми зерттеулер жүргізетін бірегей мекеме болғандықтан ғылымда қол жеткізген қандай жаңалық, жетістіктеріңізбен бөлісе аласыз?
– Орталықта ғылыми жұмыстар ұдайы жүргізіліп келеді. Тиімді нәтижелері іс-тәжірибеде қолданысқа енгізілуде. Ұлттық орталық жоғары кәсіби мамандар даярлау мәселесіне үлкен көңіл бөліп келеді. 80 жыл ішінде 40 ғылым докторын, 168 ғылым кандидатын даярлап шығарды. 67 ғылыми жинақтама, 8565 ғылыми мақала, 135 емдеу диагностикалық әдісті жетілдіру ісі бойынша құжаттар жарық көрді.
Орталықта аурудың асқынған түрлеріне ота жасау, пластикалық қайта құрылымдау оталары жүзеге асырылады. Соңғы уақыттарда Ресей хирургтарымен бірлесіп аз жарақат келтіретін бронхоскопиялық оталарды жасау қолға алынды. 80 жылдың аясында өткізілген конференцияда жаңа технологияларды пайдалану, жаңа зертханалық тәсілдерді еңгізу, хирургиялық емдеу тәсілдерін талқылап, тәжірибе алмасу мәселелеріне үлкен мән берілді.
– Туберкулез өркениеттің дамуымен бірге келген әлеуметтік ауру. Сондықтан оларға мемлекет жағдайында жеңілдіктер қарастырылған. Соларды атап көрсетсеңіз… Және өздеріңіздің тараптарыңыздан емделушілерге қандай жағдай жасалып отыр. Өйткені, бұл кесел тез арада айығып кететін ауру емес, науқастарға айлап, жылдап емделуге тура келеді…
– Туберкулез әлеуметтік маңызы бар жұқпалы ауру. Сондықтан мемлекет тарапынан бүгінде ауруды анықтау, емдеу толықтай тегін. Биылғы жылы тек қана арнайы туберкулезге қарсы дәрі- дәрмектерді орталықтан сатып алуға 4 миллиард теңге қаржы бөлінді. Туберкулезге қарсы емдеу мекемелерінің материалдық- техникалық базасы жыл өткен сайын жақсаруда. 2000 жылдан бері 46 жаңа типтік туберкулезбен күрес ауруханалары іске қосылды. Жергілікті атқарушы биліктің көмегімен 2011 жылы 258 млн. теңгенің көлемінде ауруларға амбулаторлық емдеу кезінде жол ақысына, тамағына қосымша көмек көрсетілді. 34 пәтер берілді. Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыра түсу қажет деп санаймын.
– Егер жүрегіңіз, болмаса аяғыңыз ауырып емделмесеңіз – ол әркімнің жеке басының шаруасы, ал егер сіз жұқпалы туберкулез дертіне шалдығып емделмесеңіз – кешіріңіз, ол менің де, өзгенің де, мемлекеттің де шаруасы. Өйткені, ондай кесапатты кеселді кез келген жерде, кез келген жағдайда өзіңізге жұқтырып қоймай, өзгеге де жұқтыруыңыз мүмкін. Яғни…
– Аурудың алдын алу, ауырып қалған жағдайда үздіксіз емделіп, жақсы нәтижеге жету әрбір адамның өз жауапкершілігінде болу керек. Сонда ғана бұл істе жоғары нәтижеге жетуге болады. Бұл істе медицина қызметкерінің аурудың жан дүниесін түсіне білу, мінез-құлқына әсер ету қабілеті қажет-ақ. Ал керекті алдын алу шаралары: балалар арасында егу жұмыстары жүргізіледі. Ауру қаупі жоғары топтарды жылына кемінде бір рет тексеру шаралары атқарылады. Ал қылмыстық атқару жүйесінде жылына 2 рет профилактикалық тексерулер жүргізіледі. Жасөспірімдер арасында бұйрыққа сәйкес жылына кемінде 1 рет флюрографиялық тексеруден өткізіледі. Ал әрбір ересек тұрғын өз қалауымен жылына 1 рет тексеруден өтуі абзал.
Жалпы, туберкулез ауруымен күрес мәселесі дұрыс бағытта. Осындай мемлекеттік қолдау аясында жақын жылдары сырқаттану және өлім көрсеткіштерін төмендетуде үлкен жетістіктерге жетуге толық мүмкіндіктер бар.
– Әділхан Тілеуханұлы, орталықтың сексен жылдық мерейлі жасына орай халықаралық конференция өткізіп жатыр екенсіздер…
– Конференцияның мақсаты басқа мемлекеттердің озық іс-тәжірибесін Қазақстанда жүргізіліп жатқан туберкулезге қарсы іс-шаралармен салыстырмалы түрде талқылау, ауруға диагностика қою және емдеу тиімділігін жоғарылату мақсатында жаңа технологияны қолдану арқылы емдеу сапасын көтеру жолдарын қарастыру болып табылады. Ал жиынның негізгі мәселелері: азаматтық және қылмыстық атқару жүйесіндегі көптеген дәріге төзімді туберкулез мәселелерін талдау; амбулаториялық емді пайдалану аясын кеңейту; аурулардың үздіксіз емделуге ынтасын жоғарылату; аурудың күрделі түрлерін анықтау; бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналып жатқан туберкулез және адамның иммунды тапшылық вирусы ауруларының қатар кездесуін анықтау болып табылады. Конференцияға Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан, Грузия, Қырғызстан, Колумбия университеттерінен әлемге танымал ғалымдар мен профессорлар шақырылды.
Туберкулез проблемаларының Ұлттық орталығында 31 қазан мен 1 қараша күндері шеберлік сыныптары өткізіліп, 10-нан астам адамға күрделі оталар жасалды. Арнайы білімін жетілдіру сабақтары жүргізілді. Бұл іс-шараларға барлық облыс пен қалалардан мамандар қатысты. Болашақта мамандардың кәсіби шеберлігін көтеру мақсатында осындай іс-шаралар ұдайы жүргізілетін болады.
Әңгімелескен
Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».