Қазақстан • 04 Ақпан, 2019

«Эксимбанк Қазақстан» АҚ салымшыларына өтемақыны «Қазпошта» АҚ арқылы төлейді

600 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

2018 жылғы 28 қарашадағы «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы 2019 жылғы 16 қаңтардағы Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты шешімінің заңды күшіне енуіне байланыс­ты, «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ («ҚДКБҚ» АҚ) «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-тың мәжбүрлеп таратылуы және «Қазпошта» АҚ арқылы салымшыларға өтемақы төленуінің басталуы туралы хабарлайды.

«Эксимбанк Қазақстан» АҚ салымшыларына өтемақыны «Қазпошта» АҚ арқылы төлейді

Жеке тұлғалар мен дара кәсіп­керлер – «Эксимбанк Қазақстан» АҚ клиенттері «Қазпошта» АҚ-қа жүгінуге және «ҚДКБҚ» АҚ қаражатынан өтемақыны алуға құқылы. «Эксимбанк Қазақ­стан» АҚ-тағы салымдарда, ағымдағы шоттарда және төлем карточкаларында орналас­тырыл­ған ақшалар депозит бойынша қалдық сомасында, бірақ келесі максималды кепілдік беріл­ген сомасынан асырылмай өтеледі: 

● 10 миллион теңге – ұлттық валютадағы депозиттер бойынша,

● 5 миллион теңге – шетел валютасындағы депозиттер бойынша.

«Эксимбанк Қазақстан» АҚ-та орналас­ты­рылған бір салым­шының теңгедегі және шетел валютасындағы депозиттері бойынша 15 мил­лион теңгеден аспайтын сомада жиынтық кепілдік берілген өтем төлене­ді, соның ішінде шетел  валютасындағы депозиті бойынша 5 миллион теңге эквиваленттен аспайды. 

Өтемақы жиналған (ка­пи­т­алданды­рылған) сыйақы­ны ескере отырып, депозит бо­йын­ша қалдық сома шегінде ұлт­тық валютада «ҚДКБҚ» АҚ қаражатынан төленеді. Шетел валютасындағы депозит бойынша өтемақы сомасын есептеу үшін «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне енген күніндегі, яғни 2019 жылғы 16 қаң­тардағы нарықтық валюта айырбастау бағамы қолданылады. 

Салымшылардың өтініштерін қабылдау және ке­пілдік берілген өтемді төлеу 2019 жылғы 

4 ақ­­­паннан бастап 4 тамызға дейін «Қазпошта» АҚ арқылы төмендегі бес қалада орналасқан «Қазпошта» АҚ-тың орталық операциялық учаскелерінде (ООУ) жүзеге асырылады: 

● Астана қаласында: Әуезов көшесі, 13,

● Алматы қаласында: Бөгенбай батыр 

көшесі, 134,

● Қарағанды қаласында: Бұхар жырау 

даңғылы, 39,

● Павлодар қаласында: Сәтбаев көшесі, 50,

● Петропавл қаласында: Пушкин көшесі, 61.

Өтініш беру және өтемақыны алу үшін салымшылар «Қазпошта» АҚ ООУ-не жүгінуі керек, өздерімен бірге ЖСН-нен тұратын жеке куәлік құжаты болғаны абзал. Өтініш бланкісін «Қазпошта» АҚ ООУ-нен алуға болады немесе www.kdif.kz ҚДКБҚ интернет-ресурсында «Салымшыларға» бөлімін­дегі электронды бланкісін жүктеп алып, алдын ала толтыруға болады. Салымшы­лар­ды сәйкес­тен­діру жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бойынша жүзе­ге асырылады, сондықтан «Эксим­банк Қазақстан» АҚ салымшы­ларының құқықтарын растау үшін банктік салым шарты немесе кассалық кіріс ордері талап етілмейді. 

Депозитордың өкілі жүгін­ген кезде нотариалды куәлан­дырылған сенімхат талап етіледі: «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-та ашылған депозиттерді (шоттарды) басқаруға өкілеттігінің көрсетілуімен жалпы (бас) сенім­хатты, сондай-ақ арнайы немесе реттік сенімхатты ұсынуға рұқсат етіледі. Мұрагер жүгінген кезде мұрагерлікке құқықты немесе мұра берушінің ақшаларын пайдалану құқығын растайтын құжаттарды да ұсыну керек. Егер сенімхат шетел тілін­де жасалған болса, онда салым­шының өкілі мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аудармасы бекітілген тәртіпте нотариалды куәландырылған сенім­­хатты ұсынады. Салымшы өкілінің (мұра­гердің) де өзімен бірге жеке басын куәлан­дыратын құжаты болуы керек. 

«Эксимбанк Қазақстан» АҚ салымшылары өтемақының төлеуін жүргізетін «Қазпошта» АҚ ООУ-нің жұмыс кестесін, мекенжайы мен телефондарын www.post.kz Қазпошта интернет-сайтында немесе 1499 байланыс орталығы арқылы нақтылай алады. 

«Қазпошта» АҚ арқылы төлеу кезеңі аяқ­талғаннан кейін салымшылар тікелей «ҚДКБҚ» АҚ-қа өтемақы үшін жүгінуге құқылы. 

Депозитінде депозит бойынша кепіл­діктің максималды сомасынан асатын ақшасы немесе 2019 жылғы 16 қаңтарға есеп­телген (капиталдандырылмаған) сыйақы бойынша талабы бар салымшылар «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-тың тарату комиссиясына жүгінуі керек. «Эксимбанк Қазақстан» АҚ тарату комиссиясы бас кеңсесінің және оның филиалдарының байланыстары www.kdif.kz «ҚДКБҚ» АҚ интернет-ресурсында орналастырылған. 

«ҚДКБҚ» АҚ-та депозит бойынша кепілдік туралы мамандардың кеңесін 1460 (ұялы және қалалық телефондардан тегін) қысқа нөмір арқылы алуға болады.