Әлем • 04 Ақпан, 2019

Еуропа елдері Гуайдоны Венесуэла президенті деп таныды

725 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропаның алдыңғы қатарлы елдері Хуан Гуайдоны Венесуэланың уақытша президенті деп таныды. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Еуропа елдері Гуайдоны Венесуэла президенті деп таныды

Гуайдоны Венесуэланың уақытша президенті деп тану туралы Испания премьер-министрі Педро Санчес, Британия СІМ басшысы Джереми Хант, Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Эммануэль Макрон және Швеция, Австрия, Португалия мен Дания көшбасшылары жариялады.

«Біріккен Корольдік еуропалық одақтастармен бірге Гуайдоны сайлауға дейін уақытша Конституциялық Президент деп таниды» деп жазды Британия СІМ басшысы Джереми Хант өзінің Твиттердегі парақшасында.

Сондай-ақ Хуан Гуайдоны Венесуэланың уақытша президенті деп тану туралы Франция президенті Эммануэль Макрон өз ойын білдірді.

«Венесуэлалықтардың еркін және демократиялық ойын білдіруге құқығы бар. Франция Гуайдоны сайлау процесін жүзеге асыру үшін уақытша президент деп таниды» деп жазды Макрон Твиттердегі парақшасында.

Өз кезегінде Испанияның премьер-министрі Педро Санчес Хуан Гуайдоны Венесуэла президенті ретінде мойындайтынын жазды.

«Мен, Венесуэла Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы, Венесуэла президенті Хуан Гуайдо мырзаны мойындаймын» деді телемарафонда Педро Санчес.