Қазақстандық кардиохирургтер командасы, кардиохирург Юрий Пя басшылығымен Чехия, Израиль, Италия және АҚШ серіктестерімен бірігіп өткен жылдың желтоқсанында қосалқы қанайналым құрылғысын имплантациялау бойынша отаны сәтті жасады. Ота жүргізілген алғашқы науқас –1994 жылы туған Алматы қаласының тұрғыны Исмаил Тұрсынов.
«Исмаилдың өмірі күрт өзгерді. Оған қойылған диагноз- ДИЛАТАЦИОНДЫҚ КАРДИОМИОПАТИЯ. Исмаилдың отасы Израильде жақында пайда болған жаңа технологиялармен жасалды. Оның бірегейлігі – жасанды асқазан компоненттерінің өлшемінің кіші болғандықтан пациенттің денесінде ыңғайлы орналасқан. Денесінің сыртқы бөлігінде тек бекіткіш бау, бақылау құрылғысы, аккумулятор және жүрек жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін арнайы құрылғылар орнатылды. Құрылғы үздіксіз зарядталады, бұл ауру жұқтыру қаупін толығымен болдырмайды. Жаңа технология медициналық құралсыз 8 сағатқа дейін жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Израильдік жаңа технология бойынша мұндай ота әлемде еш жерде жүргізілген жоқ», - дейді дәрігер.
Бүгінде Исмаил Тұрсынов өзін жақсы сезініп, қалыпты өмір сүріп жүр. ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында Исмаил журналистерге өзінің көңіл-күйі туралы қысқаша әңгімелеп берген болатын.
«Мен осыған дейін 94 келі салмақта болғанмын, қазір 67. Операцияға дейін маған тыныс алу өте қиынға соқты. Қолдарым мен аяқтарым қатты істі, мен мүлдем қозғала алмадым. Бірақ, отадан кейінгі менің жағдайым жақсарды»,- дейді ол.
Жылына 150-ге жуық пациент осындай операцияны қажет етеді. Операцияның құны өте жоғары. Бұл бірінші клиникалық операция, сондықтан қаржы жағы туралы айту әлі қиын. Бұл тәжірибе емес, клиникалық енгізу. Жасалған операция жүйенің өте тұрақты екенін көрсетті. Біз осы жобамен 10 жыл бойы бірлесіп жұмыс істейміз», - дейді дәрігер Ю.Пя.
Сондай-ақ, дәрігер ең бастысы сапа ғана емес, өмір сүру деңгейін жоғарылату екенін айтты.
Ұлмекен АДАЙХАН,
Еуразия ұлттық университеті