Спорт • 06 Ақпан, 2019

Қазақстан хоккейшілері Жапонияны жеңді

108 реткөрсетілді

Шайбалы хоккейден Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Мұрагер кубогы жолындағы жарысты Қазақстан құрамасы жеңіспен бастады.

Бірінші кезеңді біздің жігіттер өте қарқынды бастады. Ойынның 30 секундында Аркадий Шестаков есеп ашты. 13 және 14 минуттарда Иван Степаненко мен Кирилл Савицкий қатарынан екі гол соқты. Үзілістен кейін жапондар естерін жиғандай болды. Олар қатарынан екі мәрте нысананы дәл көздеп, есеп айырмашылығын қысқартты. Алайда үшінші кезеңде «қаһарына» қайта мінген жерлестеріміз тағы екі рет мергендік танытты. Бұл голдардың авторлары – Кирилл Панюков и Антон Некряч. Қорытынды есеп – 5:2.  Енді біздің команда өзінің келесі кездесуін ертең мұз айдыны иелеріне қарсы өткізеді.

Бұл жарыста Қазақстанның хоккейшілері мынадай құрамада өнер көрсетуде:

Қақпашылар ­– Бояркин Никита («Теміртау»), Кудрявцев Сергей («Барыс»), Севидов Валерий («Алматы»).

Қорғаушылар – Ыбырайбеков Мадияр («Номад»), Клещенко Никита («Номад»), Пелевин Александр («Номад»), Шалапов Егор («Номад»), Нұрғалиев Еміл («Теміртау»), Степаненко Иван («Бейбарыс»), Быков Дмитрий («Алтай Торпедо»), Волгин Андрей ("Ертіс").

Шабуылшылар – Гренц Дмитрий («Номад»), Шестаков Аркадий («Торпедо»), Савицкий Кирилл («Номад»), Гурин Валерий («Номад»), Королинский Евгений («Номад»), Некряч Антон («Бейбарыс»), Панюков Кирилл («Номад»), Яковлев Андрей («Номад»), Лихотников Артем («Алтай Торпедо»), Самойлов Никита («Ертіс»), Титов Никита («Ертіс»), Преснов Дмитрий («Номад»).

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

 «Egemen Qazaqstan»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Менің атым Қожа» – Лондонда!

Руханият • Бүгін, 12:09

Бас жүлдеге бергісіз жеңіс

Руханият • Бүгін, 09:42

«Ролан Гаррос» басталды

Теннис • Бүгін, 09:37

Ғылымға бетбұрыс

Қоғам • Бүгін, 09:12

Капитан қызы – Маша

Руханият • Бүгін, 08:57

Интернет қатерлері

Қоғам • Бүгін, 08:53

«Әдеби өлкетану» - жаңа жоба

Аймақтар • 25 Мамыр, 2019

Ұқсас жаңалықтар