06 Ақпан, 2019

Fly Arystan рейстеріне билет қанша тұрады?

559 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Fly Arystan бюджеттік авиакомпаниясы биылғы жылдың мамыр айында жолаушылар тасымалын бастайды.

 

Fly Arystan рейстеріне билет қанша тұрады?

Үкіметтегі брифингте Индустрия және инфрақұрылым министрі Жеңіс Қасымбек атап өткендей, билет сату сәуір айының соңында басталады. Бұл ретте әуекомпания қызметінің бағасы Air Astana-ға қарағанда 2 есе төмен болады. Жеңіс Қасымбек 2 борт дайын екенін айтты. Осы жылы компанияда А320 моделіндегі төрт ұшақ болады. Fly Arystan алғашқы жылы 1 миллион жолаушыға дейін тасымалдауды жоспарлап отыр.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

«Әр түрлі бағыттарды, билет бағасының динамикасын ескере отырып, 1 апта ішінде – бір бағаны , 3 күн ішінде – екінші бағаны, 1 сағат ішінде-үшінші бағаның өзгеруі, мұның барлығын ескеріп,есептеу қажет. Топтық билет бағасы да өзгеше болмақ. Көптеген жеңілдіктер де бар».

Сонымен қатар, министр көп балалы отбасыларға арналған тұрғын үй құрылысы туралы айтып берді. Оның айтуынша, Үкімет қосымша пәтерлер салу үшін қаражат іздеуде. Жеңіс Қасымбек атап өткендей, министрлік "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына көп балалы отбасыларға көмек көрсету үшін арнайы бөлім енгізуді ұсынады. Биылғы жылы жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыру 25-тен 35 млрд теңгеге дейін артады. Осының есебінен 4 мың пәтер салынып, жалға берілетін болады.