Қазақстан • 06 Ақпан, 2019

Астанадағы отандық спорттық киімдер брендіне сұраныс артып келеді

1468 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астана әкімдігінің ресми сайты таныстырған отандық спорттық киім-кешектер топтамасына сұраныс жоғары.

Астанадағы отандық спорттық киімдер брендіне сұраныс артып келеді

«Metropolitan Textile» ЖШС-і 2015 жылдан бері спорттық және арнайы киімдер тігумен айналысады. Олардың клиенттерінің арасында - The Ritz-Carlton Astana, Hilton Astana, «Жігергаз», «Эталон авто» желісі, КАЗГЮУ, Назарбаев университеті бар.

«Назарбаев университеті үшін біз екі жыл қатарынан олардың волейбол, футбол, баскетбол командалары үшін және университеттік символикасы бар киімдер тіктік», – дейді «Metropolitan Textile» директоры Алмагүл Қасымова.

Спорттық киімнің физикалық белсенділікке байланысты бірқатар арнаулы сипаттамалары болуы тиіс. Өндірушілер осының бәрін есепке ала отырып, арнайы мата таңдап, ерекше функционалдық пішім қолданады. Жақында фирма жаңа бағытты дамытуды қолға алыпты. Енді мұнда  күнделікті өмірге арналған спорттық киімдер тігіледі.

«Біз өзіміздің Evol.Collab брендін дамытуды бастадық,  жеке тапсырыспен де киім тігеміз. Қазір көрсетілімге арналған үлгілер тігудеміз», – деді А. Қасымова.

Жеке тапсырыспен спорттық киім тігуге сұраныс жоғары болуы тиіс. Evol.Collab брендін жасаушы осы бағытты дұрыс деп есептейді. Тікелей корпоративтік тапсырыстарды орындау жақсы шешім деп ойлайды. Алмагүл Қасымова «Болашақ» бағдарламасы бойынша Бостон университетінің Куэстрома бизнес мектебінде алды. Тігін фабрикасы шағын. Қазір онда сегіз адам жұмыс істейді. Алты тігінші бар. Конструктор-пішуші және технолог қызметін бір адам, қоймашы-қаптаушы әрі сосын таңбалаушы мен сапасын бақылаушы қызметін бір адам атқарады.

Алмагүлдің айтуынша, жаңа коллекцияны @evol.collab инстаграм парақшасынан көруге болады. Ал шоурум дайын болғанда, ұнаған киімді киіп, өлшеп көруге де болады. Ол тігін фабрикасының дәл жанында орналасатын болады.   

«Біз тіккен киімдер адамды көп жылдар бойы қуантса дейміз, сол себепті де жеке тапсырыспен тігеміз. Біз коллекциямызда қыздар үшін бес, ерлер үшін бес үлгі тігеміз. Бәрін бір-бірімен алмастырып түрлендіруге болады. Біздің бренд танымал болcа дейміз. Тұтынушылар әр киімнің сапалы және ерекше екеніне көз жеткізетін болады», – дейді Алмагүл Қасымова.