Елін қорғағанның еңсесі биік
Сәрсенбі, 26 қыркүйек 2012 7:14
Жылдағы дәстүр бойыншаелімізде көктем мен күздеазаматтық борышын өтеугетиіс жастарды әскергешақыру басталатындығыбелгілі. Қазірдің өзіндеҚорғаныс істерідепартаменттері менбасқармалардың,бөлімдердің әскергешақыру пунктінде нағызқарбалас шақ.
Сәрсенбі, 26 қыркүйек 2012 7:14
Жылдағы дәстүр бойыншаелімізде көктем мен күздеазаматтық борышын өтеугетиіс жастарды әскергешақыру басталатындығыбелгілі. Қазірдің өзіндеҚорғаныс істерідепартаменттері менбасқармалардың,бөлімдердің әскергешақыру пунктінде нағызқарбалас шақ.
Биылғы күзгі әскергешақыру жұмыстары қалайжүргізіліп жатқанын білмекоймен біз Астана қаласыҚорғаныс істерідепартаментінің бастығы,полковник МұқамеджанТАЛАСОВТЫ әңгімегетарттық.
– Астана қаласы бойыншаәскергешақырылушылардың санықанша? Жыл сайын әскериқызметке жөнелтілетінәскерге шақырылушылардың саны жеткілікті ме?
– Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақыруға Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтау үшін он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босатылу құқығы жоқ азаматтар жатады. Баршамызға белгілі, Елбасымыз – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә.Назарбаев Қарулы Күштер сан жағынан көп емес, ұтқыр және шынайы ұрысқа қабілетті болуы тиіс деп анықтап берген. Бұл тұрғыда, әскери бөлімдерге жөнелтілетін әскерге шақырылушыларымыздың саны да көп емес. Бірақ әскерлерді жасақтау үшін жетіп-артылады. Осыған байланысты «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» болатындар ғана таңдалуда. Аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қаланың) әскерге шақыру комиссиясы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тиісті түрі мен тегіне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына тағайындау туралы шешім қабылдау кезінде олардың өндірістік біліктілігі мен мамандығын, денсаулық жағдайын ескереді, осыған байланысты басым түрде:
- зымыран, авиация, бронды танк техникасын және радиотехникалық аппаратура шығарумен байланысты ұйымдарда жұмыс істейтін әскерге шақырылушылар тиісті әскер түрлері мен тектерін жасақтауға жіберіледі;
- режімдік және арнайы бөлімдерді жасақтау үшін көрсетілген командаларға алдын ала іріктелген әскерге шақырылушылар жіберіледі;
- аэроұтқыр әскерлерін жасақтау үшін кемінде жалпы орта білімі, жақсы дене бітімі бар және бірінші кезекте парашютші спортшылар қатарынан әскерге шақырылушыларды іріктеу жүзеге асырылады;
- Республикалық ұланды жасақтау үшін жақсы дене дайындығы, кемінде жалпы орта білімі бар әскерге шақырылушыларды басым тәртіппен іріктеу жүзеге асырылады;
- жоғары білімі бар әскерге шақырылушылар оқу-жаттығу бөлімдеріне олардың біліміне және әскери даярлық бейініне ұқсас мамандықтар бойынша жіберіледі;
- математика, физика және инженерлік-экономикалық факультеттерді бітірген әскерге шақырылушылар радиотехникалық, зениттік-зымыран бөлімдеріне, Қарулы Күштердің барлық түрлерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының байланыс бөлімдеріне жіберіледі;
- ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру факультеттерін бітірген әскерге шақырылушылар танк, авиация, зениттік-зымыран бөлімдеріне және Төтенше жағдайлар министрлігінің азаматтық қорғаныс бөлімдеріне, Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлеріне жіберіледі;
- медицина және фармацевтика факультеттерін бітірген әскерге шақырылушылар Қарулы Күштердің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына тиісінше кіші медициналық персонал лауазымдарына жіберіледі;
- оқу-жаттығу бөлімдеріне және сержанттарды, сарбаз мамандарды даярлауға арналған мектептерге кемінде жалпы орта білімі және жоғары моральдық қасиеттері бар әскерге шақырылушылар қатарынан қатаң дербес тәртіппен іріктеледі. Оқу-жаттығу бөлімдеріне кандидаттарды іріктеу кезінде, сонымен қатар, олардың әскерге шақырылғанға дейін алған мамандықтары ескеріледі.
– Өз қалауымен әскери міндетін өтеуге ынта білдіретіндер көп шығар?
– Ата Заңның 36-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әр азаматының қасиетті борышы» болып табылады. Мұны баршамыз білеміз.
Біздің халқымыз жоғары патриотизм рухында тәрбиеленген. Адамзат тарихында жер бетінен жоғалып кеткен халықтар мен мемлекеттер аз емес. Тек патриотизм және отанға деген сүйіспеншілік қана кез келген мемлекеттің гүлденуі мен өркендеуіне кепіл болар негізгі күш болып табылады. Жастарымыз да ерліктің дастаны болған бабаларымыздың жолымен жүріп келеді. Сондықтан болар, әр әскерге шақыру жасындағы азаматымыз әскери киім киіп, жауынгерлік ұжымның рухын сезінгенді жөн көреді.
– Мекемелеріңіздің әскерге шақырудан жалтарғандарды анықтайтынқандай «құралдары» бар? Анықталған жалтарушыларды қандай жазатосады?
– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы №620 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларының» 11-тармағына сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру және олардың әскерге шақыру пункттеріне келуі туралы хабардар етуді тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарының лауазымды адамдары, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде жергілікті атқарушы органдар арқылы шақырту қағазымен немесе жұмыс (оқу) орны бойынша ұйым басшылары қолдарын қойғыза отырып жүргізеді.
Әскерге шақырылушылардың аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қаланың) әскерге шақыру комиссиясына дәлелді себептерсіз келмеген, сондай-ақ азаматқа шақырту қағазын жеке өзіне беру мүмкін болмаған барлық жағдайлар туралы қорғаныс істері жөніндегі басқармалардың (бөлімдердің) бастықтары оларды іздестіру үшін ішкі істер органдарына хабарлайды. Әскерге шақырудан қасақана жалтарған, сондай-ақ азаматтардың әскерге шақыру пункттеріне уақтылы келуіне кедергі келтірген адамдарға жиналған материалдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес оларды жауапкершілікке тарту үшін тиісті органдарға тапсырылады.
Азаматтардың әскерге шақыру пункттеріне бармауының дәлелді себептеріне келсек, олар мыналар:
- еңбекке жарамдылығынан айырылуға байланысты науқастануы немесе жарақаттануы;
- басқа адамның көмегіне мұқтаж, толық мемлекеттік қамтамасыз етумен қамтылмаған, Қазақстан Республикасының аумағында олармен бірге немесе бөлек тұратын жақын туыстары немесе заң бойынша отбасы мүшелерін асырауға міндетті басқа да адамдар болмаған кезде әскерге шақырылушы адам тарапынан күтімді талап ететін жақын туысының қайтыс болуы немесе науқастануы;
- азаматтың жеке өзінің келу мүмкіндігінен айырған табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар (жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, су тасқыны, өрт және басқалар) болып танылады.
Келмеу себептері құжат түрінде расталуға тиіс.
– Биылғы жылғы жаңалықтардың бірі – бұл әскерге шақырылушылардыңміндетті түрде наркотест тапсыруы болып отыр. Осы жаңа үрдістіңқажеттілігі қанша? Әскерге шақыруға дейін есірткі қолданған жас әскериқызметке бара ала ма?
– Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы Жарлығымен бекітілген «2006-2014 жылдардағы наркомания және наркобизнеспен күрес стратегиясына», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 тамыздағы №1029 қаулысымен бекітілген «Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына», «2009-2011 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы наркомания және наркобизнеспен күрес бағдарламасына» сәйкес әскерге шақыру жасындағы азаматтарды әскери қызметке жарамдылығын анықтау үшін медициналық тексеруден өткізген кезде наркотестілеу жүргізіледі. Есірткі қолданатын әскерге шақырылушылар әскери қызметке жіберілмейді және емделуі тиіс.
– Қарулы Күштерімізді аралас тәсілмен жасақтаудың қажеттігі неде?
– 20 жыл ішінде еліміз секілді Қарулы Күштеріміз де дамыды, басқа елдердің әскерлерімен терезесі теңесті. Жауынгерлік дайындық жетілдіріліп, әскери техника мен қару-жарақтың заманауи жаңа үлгілерімен жарақтанып, жауынгерлік әзірліктің деңгейі жоғарылады. Қарулы Күштеріміздің келбеті де өзгеруде – ықшам, ұтқыр және кәсібиленуде. Қарулы Күштерімізді, басқа әскерлеріміз бен әскери құралымдарымызды жеке құраммен жасақтауда да оң өзгерістер аз емес.
Израиль, Солтүстік Корея және басқа да елдер сияқты біздің елімізде де жалпыға бірдей әскери міндеттілік негізінде азаматтар әскери қызметке шақыру жолымен алынады. АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Бельгия, Нидерландтар, Ирландия және басқа елдерде әскерді ерікті түрде келісім-шарт бойынша жасақтау бар. Грекия, Дания, Швеция, Норвегия, Финляндия, Португалия, Италия, Польша, Чехия, Венгрия, Словакия, Түркия, Румыния, Болгария, Белоруссия, Өзбекстан, Қырғызстан және тағы басқа елдерде әскер аралас – жалпыға бірдей әсери міндеттілік туралы заң негізінде және әскери қызметке ерікті түрде келісім-шарт бойынша жинау жолымен жасақталады. Ал біздің Қарулы Күштерімізде де әскер аралас тәсілмен жасақталады. Оның қажеттілігі келесі факторлармен байланысты.
Жыл сайын Қарулы Күштерімізге ғылым мен технологияның жаңа жетістіктері енгізілуде, қару-жарақ пен техниканың жаңа түрлері қабылдануда, ал оларды басқару мен қолдану үшін сарбаз-мамандарды дайындау ұзақ уақытты талап етеді. Осындай лауазымдарға келісім-шарт бойынша әскери қызметшілерді тағайындау тиімдірек. Себебі, келісім-шарт әскери қызмет мерзімі үш жылдан кем емес және осы уақыт ішінде жақсы маманды даярлауға болады. Ол қымбат бағалы техника және қару-жарақ түрінде жауынгерлік кезекшілік атқара алады, сонымен бірге, оған сапалы техникалық қызмет көрсете біледі. Осы себепті, Қарулы Күштеріміздің белгілі бір бөлігін келісім-шарт бойынша шақырылған кәсіби мамандармен жасақтау аса қажет.
– Әскери кафедраларды бітірген жастардың дайындық деңгейін бағалапберсеңіз. Өйткені, олар лейтенант атағын әскерде қызмет атқармастан,үйінің маңайында жүріп те ала береді ғой.
– Әуелі айтылған контингент әскери кафедрада екі жылдан кем емес уақыт оқиды. Кафедраны бітіргеннен кейін далалық жиындардан өтеді, өз біліктілігін іс жүзінде шыңдайды. Соңынан емтихан тапсырады.
– Жақсы жауынгер болу үшін сарбаз қандай қасиеттерге ие болуы керек?
– Алдымен – жақсы дене дайындығы, қажетті білім деңгейі (жоғарыда айтылып өткен), ал ең бастысы – өз Отанының нағыз патриоты болуы тиіс. Себебі, елін қорғаған азаматтың еңсесі қашанда биік болатынын жастардың жадында сақтағаны жөн.
Әңгімелескен
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан».