Өркен жайған өнеге
Сәрсенбі, 26 қыркүйек 2012 7:03
«Мен, сен және ол – біз саламатты ел!» атты ұранмен Шымкент қаласының, Ордабасы алаңында «Денсаулық фестивалі» акциясы өз деңгейінде өтті
Негізгі мақсаты әр адамның өз денсаулығына жауапкершілігін арттыру, тиімді тамақтануды әдетке айналдыру, зиянды әдеттен аулақ болу, дене белсенділігімен айналысуды, жалпы қоғамды саламатты өмір мәдениетін қалыптастыруға насихаттау болып табылады.
Сәрсенбі, 26 қыркүйек 2012 7:03
«Мен, сен және ол – біз саламатты ел!» атты ұранмен Шымкент қаласының, Ордабасы алаңында «Денсаулық фестивалі» акциясы өз деңгейінде өтті
Негізгі мақсаты әр адамның өз денсаулығына жауапкершілігін арттыру, тиімді тамақтануды әдетке айналдыру, зиянды әдеттен аулақ болу, дене белсенділігімен айналысуды, жалпы қоғамды саламатты өмір мәдениетін қалыптастыруға насихаттау болып табылады.
Әрбір адамның қимыл-қозғалыссыз, спортсыз ұзақ өмір сүру мүмкін еместігінің дәлелі ретінде, саламатты өмір салтын қалыптастыруды өзіңнен бастауың керек, деп Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. Мырзахметов ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінде ұзындығы 50 метрді құрайтын бассейінде жүзуден денсаулық фестиваліне қатысты. 8 қыркүйек күні «Денсаулық фестивалі» спортты насихаттау мақсатында Шымкент темір жол вокзалынан «Тәуелсіздік» монументіне дейін 1600 шақырымда жүгіру марафонымен жалғасты.
ОҚО әкімінің орынбасары Б. Нажметдинұлы бастаған марафонға, облыс басқармалары мен департамент басшылары, спортшылар, жоғары оқу орындары және колледж студенттері, сонымен бірге велоспортшылар атсалысты.
Ұлттық спорттың барлық түрі көрсетіліп, шаршы алаңдарда қызу жарыс болды. Спортшылар өнерлерімен тәнті етті.
Сонымен қатар, іс-шара барысында «ӘКЕМ, АНАМ және БІЗ» деген атпен егіздер арасында отбасылық эстафетасы ойналып, оқушылардың жеміс-жидектерден жасалған түрлі компазицияларының көрмесі бойынша мектепаралық «Күз сыйы» байқауы өткізілді.
Фестиваль барысында жергілікті тұрғындар үшін медициналық қалашық ұйымдастырылды. Облыстық, қалалық емдеу медициналық мекемелерінің білікті медицина қызметкерлері тұрғындар мен қонақтарға тегін кеңестер беріп, УДЗ, флюрография, стоматологиялық қызмет, қанның құрамындағы глюкозаны анықтау, ЭКГ аппараттары жұмыс істеді.
Тіпті облыстық қан орталығы тұрғындардың қан тобын анықтаумен бірге бірнеше ерікті донорларды қабылдады. Ал ол кісілердің тапсырған қандары бірнеше жанның өмірін сақтап қалуға себепші болғанын айта кету керек. Саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатындағы ақпараттық танымдық материалдар таратылып, үгіт-насихат жұмыстары жоғары деңгейде өтті.
«Ордабасы» алаңы мерекеге сай безендіріліп, музыкалық күй таспадан сазды әуендер төгіліп, концерттік бағдарламалар жүргізіліп, әншілер мен бишілер жұртшылықты риза етті.
Аталмыш іс-шара Оңтүстік Қазақстан облысының 14 ауданында бір мезетте өткізілді. Атап айтсақ – акция барысында Сарыағаш ауданында «Асық ойындары», «Қазақша күрес», «Жаяу жүріс» сайыстары өткізілсе, Арыс, Отырар, Түркістан қалаларында спорттық би, баскетбол, шағын футбол, волейбол, қол күресі, арқан тарту жарыстары ұйымдастырылды. Ал Кентау қаласында іс-шара 14 кезеңнен тұратын жеңіл атлетика түрінде өтсе, Ордабасы ауданы велосипед, скейтборд, роликтермен жарыс өткізді. Бәйдібек ауданында 10 минөттік аэробикалық жаттығу жасалынып, «Қара жорға» биі биленсе, Түлкібас ауданында «Ұрпақтан-ұрпаққа өсиет» атты қойылым мен сурет салу байқауы өтіп, балабақша бүлдіршіндері еліміздің бейбітшілігін нық ұстау ниетімен көк жиекке шарлар ұшырды.
Ал Төлеби, Шардара, Мақтаарал, Қазығұрт, Сайрам, Созақ аудандарында акцияға жиналғандар денешынықтыру гимнастикасын жасап, 2400 м. қашықтыққа жүгіріп өтті.
Ауқымы жылдан-жылға кеңейе түскен бұл шара өміршеңдігін осылайша дәлелдеп берді.
Жанат ТОҒАЙБЕКОВА,
облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры
ШЫМКЕНТ.