Қазақстан • 07 Ақпан, 2019

Қызын өрттен құтқарып, өзі ажал құшты

678 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бір адамның өмірін жалмаған қайғылы оқиға Қызылжар ауданы Архангелка ауылында орын алған.

Қызын өрттен құтқарып, өзі ажал құшты

Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз орталығы таратқан ақпарат бойынша  өрт тұтанған кезде 13 жастағы қыз бала үйде болған. Баспананың өртене бастағанын көргенннен кейін терезені сындырып, далаға шыққан.  Дереу жеткен әкесі  далаға жанұшыра шыққан қызын көршісіне жіберіп, өзі өртті ауыздықтауға ұмтылған.  Үйге кіргенмен, түтінге тұншығып қалған. Оның үстіне газ баллоны жарылып,  үй түгі қалмай жанып кеткен. Марқұмның мәйіті үйдің кіреберісінен табылған. 47 жастағы марқұмның артында әйелі мен үш баласы қалды.

Төтенше жағдай қызметінің мамандары өрт газ баллонын  дұрыс пайдаланбау салдарынан тұтанған деген болжам айтып отыр.  

Жамбыл ауданында өртенген үйдің ішінене кейуананың мүрдесі табылған. Қызылжар ауданы Пеньково ауылында жалпы аумағы 180 шаршы метр болатын екі қабатты коттедж өртеніп кеткен.

Жыл басынан бері өңірде 35 өрт оқиғасы тіркеліп, төрт адам опат болған.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы