Беларусь елімен бірлестік
Сенбі, 22 қыркүйек 2012 7:25
1994 жылдың наурызында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аудиториясында Еуразиялық одақ құру қажеттілігі жөніндегі тамаша идеясын ортаға тастағаны мәлім. Бұл коммунистік тоталитарлық ойлау жүйесінің тамыры үзілмеген, сонымен бірге, жаңаша экономикалық пайымдау төрге оза қоймаған елең-алаң шақ еді. Сондықтан да Қазақстан басшысы Ресей астанасы Мәскеуде ұсынған бұл идеясы ТМД кеңістігінде бірден қабылданды деп айта алмаймыз. Сол кезде әртүрлі пікірлер болғаны рас. Еуразиялық одақ құру бастамасының түпкі мәнін терең түсіне қоймаған бірқатар саясаткерлер сол кезде сауысқаннан сақ мінез танытып, әліптің артын бағуға ыңғай танытты.

Дегенмен, одан кейінгі жылдар Нұрсұлтан Әбішұлының бұл идеясы өміршең екенін көрсетіп берді. Көп кешікпей тәуелсіздікке ие болған мемлекеттер арасында экономикалық байланыстар мен қарым-қатынастарға негізделген құрылым құрылмаса, халықтың даму деңгейі болмайтындығы да белгілі болды. Бұл идея сонымен бірге ел мен елдің арасындағы адами рухани құндылықтарды қорғауға да қызмет ете алатыны айқындалды.
Бүгінде Еуразиялық одақтың қалыптасуы мен іске асуының нақты көріністері қандай дегенге келсек, оған Ресей, Беларусь және Қазақстан мемлекеттері арасында кедендік одақ құрылуы, аталған мемлекеттер арасында бірыңғай экономикалық кеңістіктердің пайда болып, ортақ іс-қимыл танытып отырғанын мысалға келтіруге болады. Сонымен бірге, аталған мемлекеттер арасында біріккен кәсіпорындардың құрылуы да оның басты нышандары деп айта аламыз. Осындай мәртебеге ие болған кәсіпорындардың бірі – Орал қаласындағы «Агрореммаш» АҚ бірлескен кәсіпорны.
Кедендік одаққа мүше мемлекеттердің бірі – Беларусь елінде ежелден автомобиль жасау мен құрастыру ісі кеңінен дамып келгені баршаға мәлім. Бұл орайда Минск автомобиль зауытының шоқтығы қашан да биік тұрады. Осыдан 3 жыл бұрын сондағы МАЗ басшыларымен келісім жасап, республиканың коммуналдық-шаруашылық жүйесіне қажетті арнаулы автотехникалар шығара бастадық. Қазір бұл іс тұрақты жолға қойылды десек те болады.
Өткен мамыр айында Ақжайыққа іссапары кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-Беларусь бірлескен кәсіпорнының қызметімен танысып, оған оң баға беріп кеткені бәріміз үшін мерей. Сонымен бірге Мемлекет басшысы қазақстандық конвейерден шыққан отандық өнімге тиісті сұранымдар түсіру жөнінде Үкіметке тапсырма берді.
Бүгінде еліміздегі коммуналдық салаға жасалған түбегейлі реформалар өзінің алғашқы нәтижелерін бере бастады. Бұған біздің бірлескен кәсіпорынның қосқан үлесі қомақты. Яғни, Қазақстанда құрастырылатын арнаулы автотехниканың басты бөлшегі – шасси Беларусь елінен жеткізіледі. Қалған істің бәрі өзімізде атқарылады. Сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің сұранысына сәйкес кәсіпорында құрастырылған өрт сөндіргіш машиналары да бүгінде бәсекеге қабілеттілігін танытып үлгерді.
Осы ыңғаймен бүгінде осыдан 18 жыл бұрын Қазақстан басшысы ұсынған Еуразиялық одақ идеясы бүгінде нақты өмірімізден орын алып отыр деп ой түйе аламыз. Бұл түйінді тек өз елімізде ғана емес, сонымен бірге, осы бастаманы қолдап, іске асырып отырған барлық мемлекеттерге қатысты да жасауға әбден болады демекпін.
Ғимран Бейсенов,
Орал қаласындағы «Агрореммаш» АҚ
бірлескен кәсіпорнының директоры.
ОРАЛ.