Оның айтуынша, былтыр облыс аумағында материалдық шығыны 79 миллион теңгені құраған 803 өрт тіркелген. Тілсіз жаудың салдарынан 66 адам қайтыс болса, 19 адам әртүрлі дәрежедегі жарақаттар алған.
«Өрт қауіпсіздігінің талаптарын бұзу салдарынан 15 адам улы газбен уланды. Мұның негізгі себептері пеш конструкциясындағы пештің қызып кетуі және жарылуы, бітеліп қалған түтін мұржасы, сондай-ақ, ақауы бар пеш жабдығын пайдалану болып табылады. Өртке қатысты жеке тұрғын үйлерде 9 оқиға, саяжайда орналасқан үйлерде 6 оқиға орын алды. Өрттің басым бөлігі бұрынғыдай тұрғын үй секторы мен көлік құралдарына тиесілі. Жыл басынан бері 33 өрт тіркелді», - деді Айбат Жанабергенов.
Тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 65663 үйдің 194132 тұрғыны қамтылды. Әлеуметтік тәуекел тобындағы тұлғалардың тұрғылықты жерлері бойынша 14145 адамды қамтылып, 3396 рейд ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, ТЖД хабарлағандай, 2019 жылдың ақпан-наурыз айларында облыс аумағында аз қамтылған тұрғындарға өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Жақсылық жақсы» акциясын өткізуге бастама жасалды.