Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 1 ақпаны аралығында Астана қаласы бойынша жинақталған жарнаның жалпы сомасы 17, 67 млрд теңгені құрады.
Оның 16,38 млрд теңгесі (шамамен 92,7%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 1,29 млрд теңге (7.3 %) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.
Жалпы, аймақтық тұрғыдан алғанда, Астана (12,58%) медициналық сақтандыру жарналары - аударымдары бойынша Алматы қаласынан (21,04%) кейін екінші орында, үшінші орында - Қарағанды облысы (8,23%).
Естеріңізге саламыз, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары, яғни жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Ұлттық банкпен сенімгерлік басқару туралы келісімшарт жасасқан. Болашақта бұл қаражат Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады.