Жекпе-жек • 07 Ақпан, 2019

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

561 реткөрсетілді

21 наурызда «Алматы Арена» спорт кешенінде «Алаш Прайд» клубының мұрындық болуымен ережесіз жекпе-жектен ірі халықаралық турнир ұйымдастырылады.

Әзірге Қазақстан жағынан осы жарысқа кімдердің қатысатыны белгілі. Олар – Ермек Тлауов, Асылжан Бақытжанұлы, Асау Алмабаев, Бақтияр Несіпбек, Евгений Егембердиев, Ғалымжан Қанаев, Артем Резников және тағы басқалары. Бұл жігіттердің барлығы да талай дүрмекте ысылған сақа спортшылар. Сондай-ақ, Қытайда туып-өсіп, әлемдегі ең белді ұйым – UFC-де күш сынасқан тұңғыш қандасымыз Жұмабек Тұрсын да осы кеште өз өнерін ортаға салады. Осы бәсекелер барысында екі бірдей алтын белбеу сарапқа салынады.

Алматыда өтетін жарысқа біз ережесіз жекпе-жек әлемінде зор беделі бар спортшыларды шақыртуды көздеп отырмыз. Қазіргі кезде сол саңлақтар және олардың промоутерлерімен келіссөздер жүргізілуде. Осы іс аяқталғаннан кейін Қазақстанға нақты кімдердің келетінін жариялаймыз. Бір анығы – біз сырттан тек мықтыларды ғана шақыртамыз. Және де осы жарысты тамашалауға құрметті қонақ ретінде осы спорт түрінің хас шебері Хабиб Нұрмағамбетов те келеді деп күтілуде, – дейді «Алаш Прайд» клубының президенті Данияр Қасқарауов.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Оңды қыз Ольга

Аймақтар • Кеше

Ақшағылдың Ерболы

Аймақтар • Кеше

Қолбасшы

Саясат • Кеше

Сабақтастықтың жүз күні

Президент • Кеше

Ұқсас жаңалықтар