Аймақтар • 07 Ақпан, 2019

Солтүстік Қазақстанда АҚШ әскерилері  болды

239 реткөрсетілді

«Жаһандық ядролық қауіпсіздік» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде  Қазақстандағы АҚШ елшілігінің жанындағы АҚШ Қорғаныс министрлігінің қауіп-қатерді азайту жөніндегі агенттігінің өкілдері келді. 

АҚШ Қорғаныс министрлігінің қауіп-қатерді азайту жөніндегі агенттігінің бөлім директоры Колдер Стивен Ричард және оның әріптестері жергілікті полиция департаментінде өткен кездесуге қатысты. Меймандар мұражайды аралап, жедел басқару орталығының жабдықталуымен танысты.

     Қазақстандық полицияның құрылу тарихымен танысқан әскери қонақтар ерекше әсерге бөленді. Колдер Стивен Ричард естелік кітапқа «...әр дәуірден сыр шертетін экспонаттардың тұпнұсқасы, олардың сипаттамасы,  экспозициялар тарихқа деген құрметті көрсетеді. Қызмет атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерге, екінші дүниежүзілік соғысты мәңгі есте сақтауға ерекше көңіл бөлінген. Сіздердің мұражайыңыз және оның сақтаушылары ел тарихы туралы естеліктерді молынан жинастырғаны байқалады», деген  жылы тілекке толы қолтаңба қалдырды.

   Шетелдік қонақтар жедел басқару орталығының жұмысына жоғары баға берді.  Полиция учаскелеріне 1140 камера орнатылған. Оның бір бөлігі  облыс орталығындағы 13 учаскелік полиция пунктіне тікелей қосылған. Қоғамдық қауіпсіздік шараларымен мектептер, ауруханалар да қамтамасыз етілген.

  Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов  АҚШ әскерилерін алдағы жұмыс жоспарымен таныстырып,  криминалдық ахуалдық қалыпты екенін жеткізді.

   Шетелдік делегация Ұлттық ұлан Петропавл  әскери институтында да болып, іс-тәжірибелер алмасты.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы

             

Соңғы жаңалықтар

Басты ақпарат (21.02.2020)

Видео • Бүгін, 18:56

Барлық мәселе ашық айтылды

Аймақтар • Бүгін, 06:56

Тендерді майшелпек көреді

Саясат • Бүгін, 06:55

Туризм – табыс көзі

Парламент • Бүгін, 06:53

Қиырдағы қайырымды қазақ

Қоғам • Бүгін, 06:45

Ұқсас жаңалықтар