Осы күнге дейінгі 14 кездесудің барлығын жеңіспен аяқтап, 12 қарсыласын есінен тандырған бірінші орта салмақтағы Батыр Жүкембаевтің кіммен жұдырықтасатыны әзірге белгісіз. Бір анығы, уақыт озған сайын әлемдік рейтингте жоғарлап, жанкүйерлердің көзайымына айналған қандасымыз мықты боксшымен қолғап түйістіреді.
Екінші орта салмақтағы Нұрзат Сабыровтың да қарқыны қуантарлық. Жерлесіміз 8 рет рингке көтеріліп, барлығында басымдық танытты. 7 бәсекені мерзімінен бұрын аяқтады. Ол Сезар Рейносомен күш сынасады. 32 жастағы аргентиналық былғары қолғап шебері 30 кездесудің тең жарысын ұтып, 11 рет жеңіліс тапты. Тағы 4 жекпе-жекте тең есеп тіркелді.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Egemen Qazaqstan»