18 Қыркүйек, 2012

Шекаралық қызметтестік жарасымы

309 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Шекаралық қызметтестік жарасымы

Сейсенбі, 18 қыркүйек 2012 8:15

Қазақстан және Ресей мемлекет­тері­нің Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің сындарлы сырт­­қы саясаты арқасында қос елдің ара­сындағы тату-тәтті ынтымақтастық одан әрі кеңейіп, жарқын жалғасын тау­ып келеді. Біз оған жуырда Солтүстік Қазақстан облысында шекаралық ынты­мақ­тастық шеңберінде өткен келелі кездесуде айқын көз жетіздік. Сөз ара­сында екіжақты іскерлік байланыс бизнес, индустрия, білім беру, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, басқа да маңызды салаларға қатысты өзекті мәселелерді бірлесіп шешу мүддесін көздегенін айта кеткен жөн. Олардың ішінде инвести­ция­лау жайы жан-жақты талқыланып, бірқатар маңызды міндеттер белгіленді.

Бүгінгі күні Қазақстаннан Омбы облысына құйылған инвестиция мөлшері 100 миллион АҚШ долларынан асты. Алда мұндай қаржы тартуды 1,5 есе өсіру белгіленіп отыр. Кездесу барысында шекаралық облыстар арасында экономикалық, әлеуметтік қарым-қатынастарды одан әрі жетілдіретін меморандумға қол қойылды.

Біздің делегация Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аудандары мен өнеркәсіп және шаруашылық ұйым­да­рын аралап, үйренерлік іс-тәжірибелер жинақтап қайтты. Бізді Президент Нұр­сұл­тан Назарбаевтың Жолдауында ай­тыл­ған талаптардың мүлтіксіз атқары­лып жатқаны, әсіресе, қазақстандық­тар­ды жұмысқа тарту, қолжетімді баспана, индустриялық-инновациялық жобалар, етті мал шаруашылығын дамыту мәселелері қатты қызықтырды.

Ресей Федерациясы шекаралық об­лыстарының Қазақстанмен әлеуметтік-экономикалық байланысы жыл өткен сайын артып келеді. Мысал ретінде айтатын болсақ, былтыр РФ мен СҚО арасындағы тауар айналымы 600 миллион АҚШ долларын құраған. «Петропавл құрылыс материалдары зауыты» ЖШС Омбы облысына полиэтилен және қы­сым­ды су құбырларын жеткізсе, біздің «Сибзауыт» кәсіпорны себу және топырақ өңдеу техникаларымен қамта­ма­сыз етеді. Айта берсе, мұндай мысалдар көп. Соңғы кездері бірлескен кәсіпорындар құруға белсене бет бұрылғаны да байқалады.

 Сенімді әрі берік достыққа негізделген мұндай іскерлік байланыстарға Павлодар қаласында болатын екі ел Президенттерінің кездесуі одан әрі қуатты серпін берері анық.

Алексей ГЛАДЕНКО,

Омбы облысы үкіметі өнеркәсіп саясаты,

байланыс және инновациялық технологиялар министрі.

РЕСЕЙ.