АҚШ пен КХДР арасындағы екінші саммит ақпан айының 27-28 күндері өтетін болды. Ол туралы корей және вьетнам баспасөздері ресми хабар таратты. Бұл жолы саммит өтетін орын ретінде таңдау Вьетнам еліне түсті. Сингапурдағы самиттен кейін, аталмыш саммит 260 күннен кейін қайта ресми түрде ұйымдастырылғалы отыр.

Вьетнам елінің Танан қаласында бір жылдары Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (APEC) форумы сәтті өткен болатын. Содан бері бұл қала экономикалық форумдар мен халықаралық түрлі шаралардың өтуіне ыңғайлы, шағын қаланың бірі болып әлем жұртына таныла бастады. Солтүстік Кореяның басшысы осы қаланы таңдады. Себебі аталмыш қала қауіпсіздік жағынан тиімді әрі оның келіп кетуіне ыңғайлы. Бір қарағанда Сингапур саммиті өткен жермен біршама ұқсастықтары бар.
АҚШ мемлекетінің басшысы Дональд Трамп алдыңгүні Конгресте Американың әлемдегі үстемдігі және түрлі экономикалық мәселеге байланысты сөз сөйледі. Осы жерде ол Солтүстік Кореямен келісіп, жоспарлаған саммит туралы да арнайы атап өтті. Дональд Трамптың Солтүстік Корея жайлы Конгресте айтуы саяси ұпай жинаудың амалы деген сарапшылардың пікірі де айтылуда. Бірақ әзірге екі елдің арасында өтетін екінші саммит туралы сарапшылар өз пікірлерін айтуға асықпайды. Алдағы уақытта осы жайында АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, Ресей және тағы басқа елдердің мамандары өз ойларын ортаға салады.
АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы саммиттің өтетін орнына келетін болсақ, Вьетнамға таңдау жайдан-жай түскен жоқ. Екі ел Вьетнамды неліктен таңдады? Бұл елмен АҚШ-тың тарихи байланысы болса да, Солтүстік Кореяның қандай қатысы бар деген сұрақ тууы мүмкін. АҚШ пен Оңтүстік Корея Вьетнам соғысына қатысты. Осы соғыста АҚШ жеңіліс тапқаны бәріне белгілі. Осы соғысқа АҚШ-ты қолдаушы ретінде Оңтүстік Корея да қатысқаны бар. Вьетнам соғысына Солтүстік Корея АҚШ пен Оңтүстік Корея әскеріне қарсы әртүрлі партизандық соғыстарға өзінің жасақтарын жіберіп, соғысқа әскери және саяси мүддесі үшін қатысқан. Сонымен қатар Вьетнам елі социализмнің шеңберінен шыққан ел. Қазір өзінше даму жолына түсіп келеді. Тіршілігі түзеле бастаған Вьетнамды Ким Чен Ын көрсін деген АҚШ-тың да ниеті байқалады. Сондықтан бүгін бұл елдің таңдауға түсуі бекер емес.
Вьетнам саммитінде қандай мәселе талқыланып, қандай құжаттар қабылданатыны бәріне қызықты. Екі елдің арасындағы ядролық қарусыздану мәселесіне қатысты келіссөздер ілгері баса ма, Солтүстік Корея тағы қандай дипломатиялық қадам жасайды деген сұрақтар көпшілікті мазалайды. Міне, осылай Вьетнам саммиті деген жаңа жиын дүниеге келмекші. Бұл саммиттің нәтижесі қалай болатынын уақыт көрсетеді.
Дастан Ақаш,
арнайы «Egemen Qazaqstan» үшін
Оңтүстік Корея, Сеул қаласы
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 15:55
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Бүгін, 15:44
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Бүгін, 14:26
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • Бүгін, 13:14
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:56
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:53
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • Бүгін, 12:45
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • Бүгін, 12:15
Экономика • Бүгін, 11:45
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 11:04
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Бүгін, 10:33
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар