Әлем • 08 Ақпан, 2019

Женевада ғылыми конференция өткізді

641 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Өткен жылдың соңында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі, Фрибург университетінің (Швейцария) пост-докторанты, профессор Алмаш Сейдікенова Женева университетінің арнайы шақыртуымен «Болон процесін қабылдағаннан кейінгі Қазақстанның білім беру жүйесі: жетістіктері мен кемшіліктері» тақырыбында аталған оқу орнында ғылыми конференция өткізді.

Женевада ғылыми конференция өткізді

Сонымен қатар докто­ранттар мен магистранттар­ға «Сапалы ғылыми-зерттеу әдістері: теория мен тәжірибені ұштастыру» жөніндегі семинарда тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылар қазақ ғалы­мының біліктілігіне тамсана қол соқ­ты. Сон­дай-ақ профессор Ал­маш Смайылқызы осы ісса­пар­­­да аталған факуль­тет­тің ака­демиялық сарапшысы, профессор Абделжалил Аккаримен (Женева уни­­вер­ситетінің докторанты Әсем Т­емірова­ның ғылыми же­тек­­шісі) бірлескен жоба бо­­йын­ша болашақта атқа­ры­­ла­тын жұмыстардың жобасын түзіп қайтты. Жене­ва университетінің басқа да факультеттерінің профессорлары құрамымен жолы­­ғып, келісімге келді. Барлығы 77 жылдық тарихы бар ма­ман­дандырылған арнайы іле­с­пе аудармашылар даярлай­­тын «Ауызша және жазбаша аудар­ма» факультетінің ха­лық­аралық қатынастарға жауап­ты профессоры Оливье Демисси-Казеймен кездесіп, Алматыға шақырды. 

Айтып өтерлік бір жайт, қазақ­стандық ғалым бұ­ған дейін­ де Швейцария конфе­де­ра­­ция­­сының шетелдік жас ға­­лым­дарға арналған «Талант» шәкіртақысын екі мәрте ие­леніп, Фрибург уни­вер­си­те­тін­де пост-док­торлық дис­сер­­тациясын профессор Али­на Гоар Раденковичтің жетек­шілігімен қорғап, та­ным­д­ық ғылыми еңбек жазып шыққан. 

Француз, ағылшын, түрік тілдерін жетік меңгерген маман 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап әл-Фараби аты­ндағы ҚазҰУ-дың халық­аралық қатынастар факуль­тетінің дипломатиялық аударма кафедрасының меңгеру­шісі қызметін атқарады. Сол кезеңнен бастап, кафедра жұмысын алға жылжыту үшін өзінің білімі мен біліктілігін барынша жұмсап келеді. Қазір­гі таңда Франция, Ита­лия, Швейцария, Гер­ма­ния, Анг­лия, Ресей уни­вер­­ситеттерімен өзара ын­ты­мақтастық бойынша келі­сім­шарттар жасалып, тығыз байланыс орнатылды. Ха­лық­аралық Франкофо­ния агент­тігінің ғылыми-зерт­теу тұрғысындағы екі жоба­сын, Женева университеті­нің бір гранттық жобасын ұтып алды. Әрі университет оқы­ту­шы­лардың біліктілігін көтеру мақсатында шетелдік әріптестерімен бірге түрлі ғы­лыми, оқу-әдістемелік се­ми­­нар­лар өткізу дәстүрлі жал­ғасын тауып келеді. 

Профессор А.Сейдікенова­ның Женева университетінде өткізген дәрістері шетелдік әріп­тестері тарапынан жоға­ры бағалануына байланыс­ты 2019 жылдың маусым айын­­да тағы да дәріс оқуға ша­қыр­­ту алғанын айта кет­кені­міз жөн. Білімді ұстаз, білік­ті басшы баршамызға үлгі, әріп­тес­тері арасында үл­кен бедел­ге ие. «Жақсының жақ­сы­лы­ғын айт, нұры тасысын» деген­дей, осындай білім­ді ма­ман­дары­мыз барда, Қазақ­стан­ның білім саласында оң өзгеріст­ер әрдайым болады деп үміттенеміз.

Алма ШЕРХАНҚЫЗЫ,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультеті, дипломатиялық аударма кафедрасының аға оқытушысы

АЛМАТЫ