Өнер • 27 Сәуір, 2024

Павлодар музыкалық колледжіне 65 жыл

350 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

 

Бүгін Павлодар музыкалық колледждің 65-жылдығы мен дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының  20-жылдығына арналған мерейтойлық гала-концерт өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар музыкалық колледжіне 65 жыл

Өткен ғасырдың елуінші жылдары құрылып бүгінгі күнге дейін еліміздің мәдени-әлеуметтік дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан өңіріміздің бірегей өнер-білім ордасы - Павлодар музыкалық кешені. Кешен деп аты айтып тұрғандай бұл оқу орнының құрамына дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, колледж, базалық тәжірибеге арналған балалар музыкалық мектебі, Қазақстанның халық әртісі Шахимардан Әбілов вокалдық мектебі кіреді.

Кешегі мен бүгінгі күнді байланыстырушы, ғасырлар тоғысында өзіндік мазмұнды ғұмыр кешіп жатқан бұл алтын ұя, асыл мекен 3000 астам түлекке қанат бітіріп, өнер деген ғажайып әлемге жолдама берді. Тарихын кеңес заманынан бастап  егемен елімізбен бірге  еркін жасап келе жатқан қара шаңырақ тағы да бір жасқа есейді. Осы жасқа жеткенге дейін де ерен табыстарымызбен ерекшеленетін еңселі ордаға айналып үлгерді. 

П

Гала-концерт бірнеше бөлімнен тұрды. Халық аспаптары және классикалық музыка орындалып, үрлемелі - ұрмалы аспаптар мен джаз шырқалды. Сондай-ақ эстрадалық-симфония мен хорлар, ұлттық фольклор және вокалдық шығармалары тыңдармандарға жоғары көңіл күй сыйлады.

Концерттік бағдарламада кешеннің барлық шығармашылық ірі ұжымдары өнер көрсететін болады. Оның ішінде 200 - адамдық хор ұжымдары, жаңадан құрылған эстрадалық-симфониялық оркестр, қазақ және орыс халық аспаптары оркестрі, джаз және үрлемелі аспаптар оркестрлері, камералық және фольклорлық ансамбльдер, сол сияқты жеке орындаушылар өз өнерлерін ортаға салды.

П

Арнайы осы мерекеге әйгілі жерлесіміз Иса Байзақовтың «Желдірме» әнінің тақырыбына жазылған фантазияны жаңадан құрылған студенттік эстрадалық-симфониялық оркестрі орындады.

П

Шығарманың авторы кешеніміздің білікті ұстазы, композитор Максим Хлебов. Жаңа ұжымның жетекшісі әрі жас дирижері Диана Мукатова да алғашқы рет концертімізде өнер көрсетті. Сонымен қатар, елімізге және өңірімізге танымал белгілі мәдениет саласының қайраткерлері Виктор Денисенко, Талғат Каримов, Владимир Шлегель, Виктор Шейкин, Мадина Нургожинова, Яна Касьян, Гулнафис Макишбаева, Дамир Султанов, Марго Колаян, Сауле Мусипова, Жасқайрат Орынбаев, Мади Ботагузовтар қатарында жас маман, музыканттар Мәди Тулев, Алижан Казбеков, Сара Садыгулова, Айбар Ашкеев, Алмас Мұқатай, Мейірман Байбусынов, Жансая Кабышева, Ұғыбайдолла Мүфтән, Анель Шевчук  секілді жас ұстаздар сахна төрінде өз өнерлерін ортаға салды.

К

Концерттік бағадарламаға енген барлық шығармалар студенттік музыкалық ұжымдардың орындауында және жеке солистер республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаттары: Жасұлан Төрегелді, Дильназ Жанкушкова, Амина Габдуллина, Қаршыға Аружан, Шұғыла Сейтахмет, Махамбет Рамазан, Даяна Қабидолла, Александра Тарасенко, Адиль Аленов  сияқты жас өнерпаздардың қатысумен болды.

П

Гала-концерт кешеннің гимні ұстазымыз, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі Мадина Нургожинованың авторлық шығармасы «Мекенім» әнімен аяқталды.  Әнді эстрадалық симфониялық оркестрге өңдеген ұстаз, композитор Максим Хлебов.

Музыкалық кешеннің  әкімшілігі мен педагогикалық ұжымы осы гала-концертті ұйымдастыруда қолдау көрсетіп көмек қолын созған Павлодар облыстық Білім беру басқармасына, Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және Естай атындағы қалалық мәдениет сарайының әкімшілігі мен ұжымына, облыстық Иса Байзақов атындағы филармониясының әкімшілігі мен ұжымына, белгілі кәсіпкер, фото-суретші Александр Пархоменкоға зор алғысын білдіреді.

А