Аймақтар • 08 Ақпан, 2019

Алматыда әскери-патриоттық тәрбие ынтымақтастығына қол қойылды

605 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел Президентінің әскери-патриоттық тәрбиені күшейту бойынша тапсырмасына сәйкес қалалық әкімдік пен «Жас сарбаз» республикалық қоғамдық бірлестігі ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.   

Алматыда әскери-патриоттық тәрбие ынтымақтастығына қол қойылды

Жастардың бастамаларына қолдау білдіруді, ары қарайғы бірлескен жұмыстарды жүзеге асыруды, жастар мен жасөспірімдердің әскери-патриоттық шараларға қатысуына ықпал етуді мақсат ететін Меморандумға Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, «Жас сарбаз» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев қол қойды.

Шара барысында «Жас сарбаз» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының аймақтық үйлестіру кеңесінің құрметті төрағасы куәлігі мен кеуде белгісі қала әкімі Бауыржан Байбекке табыс етілді.  

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Еqemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ