Бокс • 09 Ақпан, 2019

Венгрияда төрт боксшымыз финалға шықты

64 реткөрсетілді

Венгрияның Дебрецен қаласында өтіп жатқан Иштван Боскай мемориалында Қазақстанның төрт бокшысы ақтық сынға жолдама алды. 

Жартылай финалда 52 кило салмақ дәрежесіндегі Сәкен Бибосынов франциялық Биллал Беннабудан басым түсті. 56 кило салмақтағы Оразбек Асылқұловтың да жолы Францияның өкілімен қиысты. Бұл жолы да біздің жігіттің үстемдігі еш күмән туғызған жоқ. Ол Джордан Родригесті жеңді. 60 кило салмақтағы Серік Теміржанов ұлыбританиялық Каллум Томпсонды тізе бүктірсе, 75 кило салмақтағы Тұрсынбай Құлахмет Аргентинаның боксшысы Даниэл Верон Франсисконы қапы қалдырды.

Ал дәл осы межеде украиналық Александр Мельникке есе жіберген Сабыржан Бақбергенов (64 кило) қола медальді қанағат тұтты.

 Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

Аймақтар • Бүгін, 18:03

Ұқсас жаңалықтар