Аймақтар • 11 Ақпан, 2019

Шымкентте бірқатар басқарманың атауы өзгерді

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс қырық төртінші сессиясында бірқатар басқарманың атауы өзгерді.

Шымкентте бірқатар басқарманың атауы өзгерді

Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қатысуымен өткен сессия отырысында «Шымкент қаласының басқару схемасы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мəселесі қаралды.

Жиында қала əкімі аппаратының басшысы Еркеғали Əлімқұлов қалалық мəслихат депутаттарының назарына Шымкент қаласындағы үш басқарманың атауын редакциялауды ұсынды. Бұл ұсыныс халық қалаулылары тарапынан қолдау тапты.

Сонымен «Туризм жəне сыртқы байланыстар басқармасы» деген атау «Туризм басқармасы» болып, «Мəдениет жəне тілдерді дамыту басқармасы» атауы «Шымкент қаласының мəдениет, тілдерді дамыту жəне архивтер басқармасы» болып, ал, «Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету жəне архивтер басқармасы» деген атау «Цифрландыру басқармасы» болып өзгерту енгізілді.

Бұл өзгерістерді қалалық мəслихат депутаттары бірауыздан мақұлдады.

Нұршат ТӨКЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Шымкент