Спорт • 11 Ақпан, 2019

Елдос ерледі!

73 реткөрсетілді

Париждегі  Grand Slam турнирі аяқталғаннан кейін дзюдошылардың әлемдік рейтинг қайта жаңарды. Қазіргі кезде Қазақстанның балуандары арасынан ең үздік нәтиже Елдос Сметовке тиесілі.

60 кило салмақ дәрежесіндегі дзюдошылар арасында қандасымыз алтыншы орынға көтерілді. Оның еншісінде – 3665 ұпай. Елдос тек ресейлік Роберт Мшвидобадзе (6176 ұпай), грузиялық Амиран Папинашвили (6026) , жапониялық Руджи Нагаяма (5570) мен Наохисо Таката (5050) және моңғолиялық Амартувшин Даждаваадан (4121) ғана қалып келеді. Осы салмақта өнер көрсетіп жүрген Ғұсман Қырғызбаев сегізінші орында тұр. Ол 3599 ұпайды иеленіп отыр. 

66 кило салмақтағы Ерлан Серікжанов (3337) пен Елдос Жұмаханов (3085) 10 және 11 орындарды өзара бөлісуде. 73 кило салмақтағы Жансай Смағұлов (3048) 10 сатыға жайғасты. 81 кило салмақтағы Дидар Хамза (2589) 15 орынды иеленуде. 90 кило салмақ дәрежесінің үздігі Ислам Бозбаев 11 сатыға табан тіреді. Ал 100 және +100 кило салмақтағы жағдайымыз мәз емес.

Әйелдер арасында тек Отгонцецег Галбадрах қана көңіл көншітерліктей нәтиже көрсетуде. 48 кило салмақта ол 10 орынға табан тіреді. Өзге аруларымыздың бірде-біреуі «ТОП-20» балуанның қатарына қосыла алмай жүр.  

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар