Өткен жылы «Жасыл экономика – өңір дамуының жаңа бағыты» тақырыбында ұйымдастырылған Х-шы «Baikonyr Invest» халықаралық инвестициялық форумы жақсы жемісін беріп жатыр. Форум жұмысына әлемнің 15 елдің өкілі, сондай-ақ, 5 елдің Өкілетті және Төтенше Елшілері қатысқан болатын.
Соның нәтижесінде «Rino Asia» түрік компаниясымен керамикалық бұйымдар өндірісі жобасын іске асыру бойынша келісімге және 14 меморандумдарға қол қойылды. Оның 8 меморандумы жаңартылмалы энергия көздері және 6-ы өзге салалар бойынша.
«Сондай-ақ әлемнің 5 елінен (ҚХР, Татарстан, Украина, Ресей, Белоруссия) өкілдердің қатысуымен «Цифрландыру: Өңірлерді дамытудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында ІІІ халықаралық интернет-форум өткізіліп, нәтижесінде инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша 4 меморандумға қол қойылды» деді Ринат Сұлтангереев.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Қызылорда облысы