16 Ақпан, 2012

Мемлекеттік әлеуметтік көмекке ие болғaн азаматтар

276 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Мемлекеттік әлеуметтік көмекке ие болғaн азаматтар

Бейсенбі, 16 ақпан 2012 8:11


Жамбыл облысы
Қатысушы – Жолдасбекова Нұрлыкүл Қы­рық­байқызы. (көп балалы ана)
Туған жылы – 1972
Мемлекеттік қолдау шаралары – Мемлекет­тік әлеуметтік қаржы жүйесі (МӘҚЖ) қаржы­сы­нан және республикалық бюджеттен көп балалы отбасына тиісті әлеуметтік жәрдемақы.
Жолдасбекова Нұрлыкүл Қырықбайқызы Жамбыл ауданының Жалпақтөбе селосындағы Чкалов атын­дағы орта мектепте мұғалім болып жұмыс іс­тейді. Жолдасы Тараз қаласында ішкі істер депар­таментінде еңбек етеді. Өткен жылы отбасында 4-ші нәресте дүниеге келді.

Жамбыл облысы
Қатысушы – Жолдасбекова Нұрлыкүл Қы­рық­байқызы. (көп балалы ана)
Туған жылы – 1972
Мемлекеттік қолдау шаралары – Мемлекет­тік әлеуметтік қаржы жүйесі (МӘҚЖ) қаржы­сы­нан және республикалық бюджеттен көп балалы отбасына тиісті әлеуметтік жәрдемақы.
Жолдасбекова Нұрлыкүл Қырықбайқызы Жамбыл ауданының Жалпақтөбе селосындағы Чкалов атын­дағы орта мектепте мұғалім болып жұмыс іс­тейді. Жолдасы Тараз қаласында ішкі істер депар­таментінде еңбек етеді. Өткен жылы отбасында 4-ші нәресте дүниеге келді. Нұрлыкүл Қырықбайқызы МӘҚЖ қаржысы есе­­бімен жүкті болуы себепті отбасы кірісінен айрылуына және бала тууына байланысты 247000 теңге жәрдемақы алды. Сонымен бірге, нәресте 1 жасқа толғанға дейін ай сайынғы кірістің 40 пайызы көлемінде 18572 теңге әлеуметтік өтемақы алады.
Сонымен бірге, Нұрлыкүл Қырықбайқызы рес­пуб­ликалық бюджет қаржысы есебінен 4-ші нә­рес­­те­нің тууына байланысты (50 АЕК, бір реттік) 75600 теңге көлемінде көмек және ай сайын көп ба­лалы отбасы ретінде арнайы мемлекеттік жәр­де­м­ақы алады. Бұл отбасына төрт және одан да көп кә­­мелетке толмаған балалары бар отбасы ретінде ай сайын 6428 теңге (3,9 АЕК) жәрдемақы төленеді.
Мекен-жайы – Жамбыл ауданы, Қызыл диқан ауылы.
Байланыс телефоны – 8 777-139-4573,
үй т.8 726 3331542.

Павлодар облысы
Қатысушы – Процик Степанида Потаповна. (жалғызбасты зейнеткер)
Туған жылы – 1938
Мемлекеттік қолдау шаралары – үйде күтім жасау үшін әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі тарапынан арнайы әлеуметтік қызмет көрсету.
Осыдан екі жыл бұрын Степанида Потапов­на­ның күйеуі қайтыс болды. Үлкен қызы Алматы қа­ласында, кіші қызы Екібастұз қаласында тұрады. Кіші қызының аурушаң баласы болуына байланысты анасына күтім жасауға мүмкіндігі жоқ. Ал Степанида Потаповнаның аяқтары жүруге жарамай, ұзақ мерзім жатып қалады. Үнемі ауырады.
Әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі оған арнайы әлеуметтік қызметкер бекітті. Ол күн сайын кейуананың үйіне келіп, күтім (бұл белгілі стандарттар бойынша жасалатын арнайы күтімнің 8 түрі) жасайды. Осыдан кейін кейуана ауруынан жазылғандай тұрып кетті.
Кейуананың айтуы бойынша, қазір оның кө­ңіл-күйі жақсы. Әлеуметтік қызметкер оған барынша күтім жасайды. Азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді. Үйді жинап, қажет болған жағ­дай­да ыстық тамақ пісіріп береді. Кейуана әңгіме-дүкен құрып, көңілін көтеретін қам­қор адам табылғанына шексіз қуанышты. Қажет болған жағдайда әлеу­мет­тік қызметкер емханаға ба­рып, тиісті дәрігерлерді шақырады. Мемлекет­тік әлеуметтік көмектің арқа­сында Степанида По­та­повнаның жағдайы күннен-күнге жақсарып келеді.
Мекен-жайы – Павлодар қ-сы.
Байланыс телефоны – 8 (7182) 641345.

Батыс Қазақстан облысы
Қатысушы – Бисалиева Аружан (сал ауруына шалдыққан мүгедек).
Туған жылы – 2000
Мемлекеттік қолдау шаралары – күндіз қабыл­дай­тын бөлімшеде арнайы әлеуметтік көмек көрсету.
Бисалиева Нұрбике сал ауруына ұшыраған 11 жасар Бисалиева Аружанды тәрбиелеп отыр. Бисалиева Аружан толық отбасында өмір сүреді, жастайынан сал ауруына шалдыққан мүгедек болып табылады. Әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесіне қабылда­н­ғанға дейін үнемі үйде болған. Өз қатарластарымен кездесіп, араласуға мүмкіндігі болмаған. Достары жоқ, үнемі өзімен-өзі уақыт өткізетіндігіне байланыс­ты тұйықталып қалған. Баланың денсаулығына байланысты отбасы оны балалар бақшасына, шағын тәр­бие орталықтарына орналастыра алмаған. Мүгедек баланы жалғыз қалдыруға да болмайды. Оған қозға­лу үшін көмек көрсету керек. Сондықтан отбасы бала күтімі үшін тұрақты түрде күтуші жалдап отырған.
Күндіз қабылдайтын арнайы әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің ашылғанын естігеннен кей­ін отбасы құжаттарын тапсырып, 2010 жылы Аружанды арнайы топқа тіркетеді. Міне, соңғы екі жылдан бері Аружан осы топта тұрақты түрде тәрбие алып келеді. Жақсы сөйлеуді үйренді, оқи біледі. Бөлімше қызметкерлері ұйымдастырған әртүрлі шараларға белсене қатысады. Балалармен еркін араласып кетті. Аружанды күндізгі бөлімге орналастырғаннан кейін оның анасы алаңсыз ең­бек ететін болды. Нұрбике Бисалиева Батыс Қа­зақ­стан гуманитарлық универси­тетінде ағылшын тілі пәнінен дәріс береді.
Мекен-жайы – Орал қ-сы.
Байланыс телефоны – 8 777-426-3892.

Қостанай облысы
Қатысушы – «Қостанайгаз» МКК
Тасқожин Жангелді Шағатайұлы.
Туған жылы – 1952
Мемлекеттік қолдау шаралары – жұмысқа қабілетті мүгедек адамдарды еңбекпен қамтама­сыз ету үшін мүгедектердің қоғамдық бірлестігі белгі­леген ұйым көмегі.
«Қостанайгаз» МКК – Тасқожин Жангелді Ша­ғатайұлы, директордың орынбасары «Қазақ саңы­рау­лар қоғамы оқу-өндірістік кәсіпорны» қоғам­дық бір­лестігінен жұмыс киімін сатып алумен айналысады. «Қазақ саңыраулар қоғамы оқу-өнді­рістік кәсіпор­ны» қоғамдық бірлестігі (басшысы В.П.Воронин) 1949 жылы құрылған. Бүгінде өнді­рістік бірлестікте 80 адам еңбек етеді. Олардың 68 пайызы есту мүмкіндігі кем мүгедектер болып табылады.
Өндірістік бірлестік мынандай тігін бұйым­дарын шығарады:
– балабақша бұйымдары (жаялық, ползунки, иткөйлек, бас киім);
– төсекжайма;
– медицина қызметкерлерінің халаттары, бас киім­дері;
– әйелдер үшін халаттар, көйлектер, ішкөй­лек­тер;
– жұмысшыларға арналған барлық түрдегі жұмыс киімі;
– Қорғаныс, Ішкі істер министрлігінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлеріне арналған жұмыс киімдері;
– қысқы күртешелер, комбинезондар;
– ҚТЖ және Қазақтелеком үшін арнайы киім үлгілері және төсекжаймалар;
– дәнекерлеушілердің киімдері, қолғаптары;
–перделер;
– үй жиһаздары;
Негізгі тұтынушылар – республикамыздың, Қос­­­­­т­а­най облысының, Қостанай қаласының бюд­жеттік мекемелері: білім, денсаулық сақтау бас­қар­малары, әлеуметтік мекемелер, сонымен бірге «Баян Сұлу» АҚ, «АБЗ+» АҚ, «КЕГОК», «АдалИ» ЖШС, «Қос­та­найгаз», «Қостанай жылуэнерге­ти­ка­лық компаниясы», «Қостанай-Су» МКК-лары және басқалар.
Мекен-жайы – Қостанай қ-сы.
Байланыс телефоны – 8 (7142) 54-17-15.

Астана қаласы
Қатысушы – Искаков Арнұр Қайнарбекұлы.
Туған жылы – 1985
Мемлекеттік қолдау шаралары – мүгедек­терге автокөлік қызметін көрсету.
Искаков Арнұр Қайнарбекұлы, «Қазақстан мүге­дектер конфедерациясы» қоғамдық бірлестігі көрсе­тетін «инватакси» қызметін тұтынады.
«Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» рес­пуб­­ли­калық қоғамдық бірлестігі (РҚБ) 2006 жылы құ­рылған. Еліміздің барлық өңірлерінде филиалдары бар. РҚБ-ны Омарбекова Жанат Әнуарбек­қызы бас­қа­рады. РҚБ-ның негізгі мақсаты мүге­дектерге көмек көрсету, оларды сауықтыру үшін жан-жақты жағдай жасап, мүгедектердің мүдде­лері мен құқықтарын қорғау.
Астана қаласында мүгедектерді арнаулы көлік – «инватаксимен» тасу екі жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Орта есеппен күніне сал болып қалған 40 мүгедекке қызмет көрсетіледі. РҚБ қарамағында «инватакси» ретінде қызмет көрсететін 5 автокөлік бар. Бұл автокөліктер арнайы жабдықталған. Мүге­дектер­дің қо­лар­басы көлік салонындағы арнаулы орынға бекітіледі.
Мекен-жайы – Астана қ-сы.
Байланыс телефоны – 8 702-371-8656.