Демалыс күндері туристік саяхат жасауға қолайлы ТМД-ның романтикалық қалалары бестігінде Грузия астанасы Тбилиси, Астана, Әзірбайжан астанасы Баку, Беларусь астанасы Минск және Молдовадағы Кишинев бар.
Ең романтикалық қала ретінде Тбилисиге 33% дауыс берілді. Астана, Баку және Минск қалаларына 14%-дан, Кишиневке 10% берілді.
Сонымен қатар, бұл тізімге 5% дауыс жинаған Алматы, Бішкек, Ереван қалалары да енді.