Үкімет • 12 Ақпан, 2019

Қ.Бозымбаев 2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша қар көлемінің мөлшері туралы мәлімдеді

217 реткөрсетілді

Үкімет отырысында Қ.Бозымбаев 2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша қар көлемінің мөлшері туралы мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, бұл ақпарат гидрометеорологиялық бақылау деректері, NASA Жерді қашықтықтан зондтау суреттері және Қазгидромет филиалдары мен облыстық төтенше жағдайлар департаменттерінің бірлесіп қарауы негізінде жасалған.

Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының өзендері бассейндері бойынша қар көлемі 10-нан 110% пайызға дейін нормадан жоғары екен.

Қарағанды облысы Шерубайнұра өзенінің бассейнінде (Шерубайнұра су қоймасында ағысы бойынша), Ақмола облысы Шағалалы және Сілеті өзендерінің бассейндерінде, Ақтөбе облысы Елек өзенінің бассейнінде (Ақтөбе су қоймасында ағысы бойынша), Солтүстік Қазақстан облысы өзендерінің бассейндерінде қар көлемі норма шегінде.

Қар қоры Кеңгір, Тоқырау, Сарысу (Қарағанды обл.) өзендері бассейндерінде нормадан 10-20%, Жабай және Қалқұтан (Ақмола обл.) өзендерінде 35%, Торғай (Қостанай обл.) өзенінде нормадан 30%-ға  төмен. Сондай-ақ Ақтөбе облысының Қарғалы, Қосістек, Ор, Темір, Ойыл, Ырғыз өзендерінің бассейндерінде 30-60%, Атырау облысы Сағыз және Ембі өзендерінің бассейндерінде 35-40% нормадан төмен.

«Жазық өзендерде топырақтың күзде ылғалдануы су көлемінің артуына себеп болады. Бұл Қарағанды облысындағы Нұра және Шерубайнұра өзендерінің бассейндерінде нормадан 100% жоғары, Ақмола облысының Есіл, Сілеті, Шағалалы, Жабай және Қалқұтан өзендерінің бассейндерінде 68% жоғары, ал Қостанай, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары өзендерінің бассейндерінде нормадан 40-50% төмен.

Сонымен қатар топырақтың қату тереңдігін атап өту қажет. Бұл  көрсеткіш Ақмола облысында (105-тен 131 см-ге дейін), Қарағанды облысында (75-тен 130 см-ге дейін), Қостанай облысында (92-ден 140 см-ге дейін) және Солтүстік Қазақстан облысында (103 см-ге дейін).

Бұдан басқа, көп жылдық (30 жылдан астам) бақылау деректері бойынша  су тасқыны мерзімдерін белгілеу қажет деп санаймын.

Жазық өзендерде негізінен наурыз айының 3-інші онкүндігінен сәуір айының 3-онкүндігі аралығында су тасиды. Ақпан айында қар еру жағдайлары байқалған жоқ» деді Қ.Бозымбаев.

Биылғы жылдың ақпан айындағы мәлімет бойынша, су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары консультативтік гидрологиялық болжам негізінде жүргізіледі. «Қазгидромет» 2019 жылғы 3 ақпанда гидрологиялық болжам деректерін барлық мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге жіберген.

Соңғы жаңалықтар

30 млн тоннаға жуық мұнай өндірді

Экономика • Бүгін, 07:18

Алмақтың да салмағы бар

Экономика • Бүгін, 07:15

«Сыпайы жүр де, шаруа ойла»

Руханият • Бүгін, 07:13

Театр жылынан не күтеміз?

Өнер • Бүгін, 07:08

Электр қуаты қымбаттайды

Қоғам • Бүгін, 07:06

Автобус аз, жол ұзақ

Қоғам • Бүгін, 07:02

Қаламгер қолтаңбасы

Таным • Бүгін, 06:58

Басылым басшылары - Ұзақ БАҒАЕВ (1930-1973)

Басылым басшылары • Кеше

Ұқсас жаңалықтар