Қазақстан • 12 Ақпан, 2019

Б. Сағынтаев облыс әкімдеріне су тасқынының алдын алу үшін тапсырмалар жүктеді

48 реткөрсетілді

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев су тасқыны қаупіне байланыс әкімдерге бірқатар тапсырма берді.

«Қазгидрометтің болжамы бойынша кейбір өзендерде ылғал қоры нормадан асып тұр. Қар әлі де жауып жатыр. Оның үстіне қазір болжамдардан көріп отырмыз, ақпанның үшінші онкүндігінде ауа температурасы көтеріледі деп күтілуде. Осыған дайын болумыз қажет. Сол себепті әкімдерге бірқатар тапсырма бар. «Бірінші -тасқын қаупінің алдын алу және жою бойынша жол картасын сапалы қамтамасыз ету. Жұмысты үйлестіру Ішкі істер министрлігіне жүктеледі», - деді Үкімет басшысы.

Екіншіден, Б.Сағынтаев әкімдерге иесіз гидроқұрылғыларды коммуналдық меншікке беру жұмыстарын аяқтауды тапсырды.

«Үшінші - су қорғау аймақтары мен белдеулерінде тұратын адамдар мен нысандарды қауіпсіз жерге көшіру. Төртінші, Ішкі істер министрлігі әкімдермен бірлесіп, су тасқыны маусымына күштер мен құралдардың толық дайындығын, қауіп төнген жағдайда халықты уақытылы хабардар етуді қамтамасыз ететін болсын. Төтенше жағдай болғанда шұғыл шара қолдану қажет. Бұл мәселелердің барлығы, Асқар Ұзақбайұлы, сіздің бақылауыңызда», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар