07 Наурыз, 2012

«Астана» жинақтаушы зейнетақы қоры келешекке берік сеніммен

380 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

«Астана» жинақтаушы зейнетақы қоры келешекке берік сеніммен

Сәрсенбі, 7 наурыз 2012 8:03

Көпшілікке белгілі, елімізде жи­нақтаушы зейнетақы қорын одан әрі жетілдіру және дамыту мәселесі Мемлекет басшысының қазақстан­дық­тар­ға жолдаған биылғы Жолдауында атап айтылған болатын. Ел­ба­сының бұл тапсырмасын дәйектілік­пен жүзеге асыруда «Астана» жи­нақтаушы зей­нет­ақы қорының табысы мол. Ең бастысы, «Астана» қоры бұл саладағы көшбасшылық ұстанымын тағы да дәлелдеп шық­ты, яғни «Астана» жи­нақтаушы зей­нетақы қоры – Қазақ­станда «К2 (12) көрсеткіші бойынша инфляцияны ең­серген бірден-бір қу­ат­ты қор атанды. Анығырақ айтқанда, «Астана» ЖЗҚ Қазақстанның зейнет­ақы қыз­­меті нарығында кірісі жағы­нан алты ай бойы алғы шептен көрінуде.

 

Сәрсенбі, 7 наурыз 2012 8:03

Көпшілікке белгілі, елімізде жи­нақтаушы зейнетақы қорын одан әрі жетілдіру және дамыту мәселесі Мемлекет басшысының қазақстан­дық­тар­ға жолдаған биылғы Жолдауында атап айтылған болатын. Ел­ба­сының бұл тапсырмасын дәйектілік­пен жүзеге асыруда «Астана» жи­нақтаушы зей­нет­ақы қорының табысы мол. Ең бастысы, «Астана» қоры бұл саладағы көшбасшылық ұстанымын тағы да дәлелдеп шық­ты, яғни «Астана» жи­нақтаушы зей­нетақы қоры – Қазақ­станда «К2 (12) көрсеткіші бойынша инфляцияны ең­серген бірден-бір қу­ат­ты қор атанды. Анығырақ айтқанда, «Астана» ЖЗҚ Қазақстанның зейнет­ақы қыз­­меті нарығында кірісі жағы­нан алты ай бойы алғы шептен көрінуде.

Күн тәртібінде тұрған, міне осы және өзге де мәселелер жөнінде «Ас­тана» ЖЗҚ-ның Алматыда өт­­кен бас­пасөз мәслихатында жан-жақты сөз болды. Бұл басқосуда «Астана» қоры директорлар кеңе­сі­нің төрайымы, «ЦАТЭК» АҚ прези­денті Гүлнара Артамбаева, «Астана» ЖЗҚ басқарма төр­ағасы Андрей Карягин, «Сбербанк» жеке тұлға­ларды несиелендіру департаменті­нің бастығы Роман Гончаров қор­дың бүгінгі ахуалы және келешегі туралы баяндады. Сала бас­шыла­рының айтуынша, 2012 жылдың 1 ақпанындағы мәліметтер бойынша, 12 айда К2 табыс коэффициенті 60 пайызға жеткен, мұның өзі Қа­зақ­стан рыногындағы орташа көрсет­кіш­тен екі есе жоғары (2,59 %), «Астана» ЖЗҚ республика бойынша К2 (12) көрсеткіші бойынша инфляцияны ең­серген бірден-бір қор атанды. Өткен жылдың қаңтар және 2012 жылғы қаңтар айлары ара­лы­ғында қордағы зейнетақы салым­дарының саны 67 миллиард теңгеге жуық артып, 140 миллиард теңгеге жетті. Оған қоса, қордағы салым­дардың өсу қарқыны да жоғары, бүгінгі таңда қор салым­шыларының саны 534 мыңнан асты, сөйтіп өткен жылдың басынан бері түскен ин­вестициялық табыс мөлшері 9,7 миллиард теңге, ал зейнетақы тө­лемдері 3,8 миллиард теңгеге жетті.

Қордың жарғылық капиталын арттыру туралы шешімді оны ны­ғайту мақсатында жасалған маңыз­ды қадам деуге болады, өйткені, жарғылық капитал қордың страте­гиялық даму мүм­кіндіктерінің индикаторы болып табылады. Ал, оны өсіру – акцио­нер­лер­дің өз бизне­сі­нің дамуына деген се­німін арттырып, салымшыларға көр­се­тілетін қызмет түрлерін әрі қа­рай жетілдіре түсуге мүмкіндік бермек.

– Жарғылық капиталдың артуы – қор дамуындағы маңызды қадам­дар­дың бірі, «Астана» ЖЗҚ-ның ай сайын қуатының артып, табысты ком­па­нияға айналып келе жатқанын көріп отырмыз. «Астана» қорының табысты дамуға мүмкіндігі жеткі­лік­ті, мен бұ­ған сенімдімін және күн сайын кө­бейіп келе жатқан са­лымшыла­ры­мыз­дың алдындағы жау­апкершілігіміз де күшейеді. Сон­­­дық­­­тан да алдағы уа­қытта жұмыс қарқынын арттырмақ­пыз, – деді «Астана» қоры директорлар кеңесі­нің төрағасы, «ЦАТЭК» АҚ прези­денті Гүлнара Артамбаева өз ойын ортаға салып.

Шын мәнінде де қор үшін ма­ңызды бағыттардың бірі – бизнес-процестерді дамытып, технология­­­лық шешімдер арқылы көрсетілетін қыз­мет сапасын да жақсарту болып отыр. Қор заң талаптарын орындау мақса­тында мультиқоржын жүйесін енгізді. Бұл салымшының өз актив­­терін ин­вес­­тициялық стратегия – орнықты және консервативтік ин­вестициялық қор­­­­­­жын­дар негізінде басқаруға мүм­кіндік береді. Сонымен қатар, біздің кли­­ент­теріміз «Салымшы бөлмесі» қызметін пайдаланып, өз салымдарын интернет ар­қы­лы бақылай алады. «Салымшы бөл­­­­месінің» қалай жұмыс істейтіні туралы толық ақпаратты «Астана» ЖЗҚ-ның кеңсесінен немесе www.astananpf.kz сайтынан табуға болады.

– Салымшылар өздерінің зе­й­нет­­ақы жинақтарының тиімді бас­қа­ры­луын қалайды. «Астана» жи­нақ­таушы зейнетақы қоры құрыл­ған күннен бастап салымшылардың осы талаптарына жауап беруді басты мақсат еткен болатын, – деді «Астана» ЖЗҚ басқар­ма төрағасы Андрей Карягин. – Сон­дықтан да біз әбден ойластырылған, белсенді инвестициялық саясаттың нәти­же­сінде елдегі зейнетақы қорла­рының арасында инвестициялық табыс жа­ғынан тағы ірі жетістіктерге жетіп отырмыз. Соған орай клиенттерге көрсетілетін қызмет сапасын жақ­сартып, салымшыларға қолайлы болуы үшін олармен ашық жұмыс істеуге үнемі көңіл бөлеміз.

Қор «Сбербанк» АҚ ЕБ-мен стра­тегиялық бағытта серіктестік орнатты. Банк қор салымшыларына қаржы­лық қызмет пен банктік өн­ім­дер бойынша қолайлы мүмкіндіктер туғызып отыр. «Біз қарқынды дамып келе жатқан «Астана» ЖЗҚ-ның жұмысын қолдаймыз» дейді «Сбербанк» АҚ ЕБ жеке тұлғаларға несие беретін депар­таментінің бастығы Роман Гончаров:

– Біздің банк қормен серіктестік шеңберінде «Астана» ЖЗҚ салымшыларына бірқатар қызмет түрле­рін ұсы­нады. Мәселен, қордың әр­бір клиенті төмен пайызбен тұтыну несиесін ала алады, оның пайыздық мөлшерлемесі стандартты несиемен салыстырғанда бір пайызға төмен. Сонымен қатар, банк несиені алдын-ала мақұлдау жоспарын жасап шық­қан. Сбербанк «Астана» қоры­ның өзге банктердің қызметін пайдаланатын салымшыларына да кө­мек­­те­су­ге, олардың бұрын алған несиелерін қайта қаржылан­ды­руға дайын. Сонымен қатар, Сбербанк заңды және жеке тұлғалар үшін төлем карталары бойынша айрықша қызмет түрлерін ұсынады. Бұл серіктестік қор салымшылары үшін пайдалы әрі қызықты болады деп ойлаймын.

Сөз реті келгенде айта кететін тағы бір жайт, «Астана» ЖЗҚ-ның салымшылар саны 534 мыңнан асып, зейнетақы активтері 140 миллиард теңгені құрайды. Сонымен, республика зейнетақы жүйесінде салымшылар саны жағынан төртін­­ші, ал зейнетақы активтері жағынан алтыншы орын­да­ғы «Астананың» алдағы асулары биік екендігіне көпшіліктің сенімі мол.

Бақыт БАЛҒАРИНА,

Алматы.